Tesco, Sainsbury's, Asda және Morrisons сынды Ұлыбританияның ірі супермаркеттері алда келе жатқан Рамазан айы қарсаңында мұсылмандарға арнайы ұсыныстар әзірлеуде. Тіпті Morrisons супермаркет желілерінде Рамазан күнтізбесі сатылуда.
Mac cosmetics, The Body Shop компаниялары Ораза айт мейрамына сыйлықтар жиынтығын шығаруда. Сонымен қатар, маусым айында Еуропаның аса ірі сауда орталығы Westfield London мұсылмандардың басты мейрамдарының біріне арнап тұңғыш фестиваль өткізуді көздеп отыр.
Сондай-ақ, Рамазан бойы Ұлыбританияның барлық ірі сауда желілерінде мұсылмандар жиі тұтынатын өнімдерге арнайы жеңілдіктер мен науқандар жүргізілетін болады.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай қызығушылық халал экономика саласының тез дамуына байланысты орын алып жатыр.
asyldin.kz