Алғаның жақсы болса...

Алғаның жақсы болса...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылы аясында «Алғаның жақсы болса...» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Аталмыш конференцияға Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы, Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Медсантұлы, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, философия ғ.д, профессор Қайрат Айтбекұлы, «Отбасы әлемі» сайтының жетекшісі Ақан Мергенбай және белгілі ғалым, Абайтанушы, Еуразилық ұлттық университетінің ұстазы Омар Жәлел қатысты. Сонымен қатар, жас отбасылар мен Алматы мемлекеттік көп салалы колледжі студенттері қатысып, отбасы мәселелері төңірегіндегі өзекті тақырыптардағы ғалымдардың баяндамаларын тыңдады.

Алғашқы құттықтау сөзінде Алматы қаласының өкілі Еркінбек қари Шоқай ғасырлардан бергі қазақ қоғамындағы отбасы институтының даму жолын және оның бүгінгі келбетінің қандай болып отырғандығы туралы баяндады. Еліміздің алға жылжуында ерекше орынға ие отбасы институты дейтін болсақ, сол отбасылардың түрлі себептермен бұзылып, үйленуге қарағанда ажырасудың басым түсіп отырғаны ащы шындық екенін тілге тиек етті.

Ал, Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма өкілі Нұрлан Медсентұлы соңғы жылдағы отбасын құру мен ажырасу туралы статистикалық мәліметтерді баяндады. Сондай-ақ, Алматы әкімдігі және дін істері басқармасының жас отбасыларға және жалпы отбасылық проблемаларға жолыққан әрбір тұрғынға көмек қолын созу үшін есіктерінің ашық екенін жеткізді.

Конференцияға арнайы шақырылған философия ғ.д, профессор Қайрат Айтбекұлы, «Отбасы әлемі» сайтының жетекшісі Ақан Мергенбай, белгілі ғалым, абайтанушы Омар Жәлел мырзалар отбасы құндылықтары мен ішкі проблемалардан шығу жолдарын ғылыми көзқараспен баяндады.

Іс-шара соңында ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушыларының Үндеуі қабылданды.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: