Стамбул қаласының Сұлтанахмет ауданында «Менің көркем Түркиям» атты көрме ашылды, аталмыш көрмеге 10 суретшінің, соның ішінде, 9 шетелдік суретшінің жұмыстары қойылған.
Суретшілердің бірі украиналық Эльвира Яковчиктің айтуынша, оған және оның достарына Түркия зор әсер қалдырғандықтан осы көрмені ашуға бел буыпты, олар Түркияға Донецктен 4 жыл бұрын келген екен. Түріктердің қонақжайлылығы, Стамбулдың және Түркияның өзге де қалаларының сәулеті суретшілерге қатты әсер еткен.
«Түркияның, Стамбулдың сәулеті, тарихы және рухы – керемет. Мен Стамбулға ғашықпын. Табиғаты қандай тамаша. Мен Измир, Мармарис, Датчу, Бодрум, Бурсу және Чанаккале қалаларында болдым. Маған бұл қалалардың рухы керемет ұнады. Менің жұмыстарымның түпкі ойы – көне мен жаңаның үйлесімділігі», – деп ағынан жарылды суретші.
Көрмеде Эльвира Яковчик, Анастасия Лапицкая (Беларусь), Корнелия Марган (Башқортстан, Ресей), Этхема Баймака (Косово), Жанара Сабден (Қазақстан), Стефана Хаджиниколова (Македония), Светлана Еланцева (Ұлыбритания), Вахида Новрузова мен Ильхама Энвероглы (Әзірбайжан), сондай-ақ, Тюлай Дениз Гюмюш (Түркия) сынды суретшілердің жұмыстары халық назарына ұсынылуда.
asyldin.kz