Түркменстан Дубайда өтетін World Expo 2020 көрмесіне қатысуға дайындық үстінде. Экспозиция үшін бөлінген орынға түрікмен ұлттық стиліндегі, жаңа техникамен қамтамасыз етілген павильон салынатын болады, ал павильонның төңірегін көгалдандырып әрі техникалық құрылғылармен жабдықтау көзделіп отыр.
Түркменстан үкіметі мәжілістерінің бірінде отандық өндірушілердің елдің экспорт және қаржы әлеуетін көтеруге үлкен мүмкіндіктер ашатын халықаралық көрмелер мен іскерлік форумдарға қатысудың маңыздылығы жөніндегі мәселе көтерілген болатын.
Тренд.аз порталының мәлімдеуінше, Дубайдағы көрме «Үмбетті біріктіре отырып, келешекті құрамыз» атты ұранмен өтетін болады. Болжамдарға сай, алты ай бойы өткізілетін көрмеге 25 миллиондай мейман келеді деп күтілуде. World Expo 2020 көрме павильонын орнату үшін ресми түрде арнайы аталмыш көрмені өткізуге жобаланған аумағы 438 гектар болатын жаңа Dubai Trade Center жер аумағы бөлінген.
asyldin.kz