Ердоған жұбайымен имам Бұхаридің кесенесін зиярат етті

Ердоған жұбайымен имам Бұхаридің кесенесін зиярат етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, жұбайы Эмине Ердоған және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен оның жұбайы Зираат Мирзиеева ұлы діни қайраткер, ғалым Бахауддин Мұхаммед ибн Бурхануддин Мұхаммед әл-Бұхаридің кесенесін зиярат етті.

Ердоған мен оның жұбайы Өзбекстан астанасы Ташкентте болып, елдің тарихи және мәдени орындарына экскурсия жасау үшін Бұхараға жол тартты.

Бұл сапарда олардың бірінші болып ат басын тіреген жері - Бахауддин Мұхаммед ибн Бурхануддин Мұхаммед әл-Бұхаридің кесенесі болды. Сондай-ақ, Ердоған бастаған делегация кесене аумағында орналасқан медресенің тыныс-тіршілігімен де танысты. Сонымен қатар, Ердоған жез тәрелкелерге Құран аяттары ойылып жазылып шығарылатын шеберханаға да кірді. Бұл жерде Түркия елбасы жұмысшылармен тілдесіп, олардың жасап шығаратын бұйымдарымен танысты.

Сапар соңында Түркиядан келген меймандар Арк қамалы мен Пои-Калян кешенесінде болып қайтты.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: