Брюссельдегі Еуропарламент ғимаратының маңына екі мыңға жуық адам жиналып, олар Қытай билігі тарапынан Синьцзян шет аймағында тұратын мұсылмандарға қатысты көрсетіліп жатқан қуғын-сүргінге наразылық танытатындықтарын білдірді.
Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінің ұйымдстыруымен өткізілген шеруге қатысушылар қолдарына «Геноцидті тоқтатыңдар!», «Әділдікті талап етеміз!», «Ұйғырларды құтқарыңдар!» және т.б. жазулары бар плакаттар ұстап шыққан.
Белсенділер заңсыз түрде қамауға алынған мұсылмандарды босатуын, сондай-ақ, Ислам дінін ұстанушы Қытай тұрғындарына қатысты өткізіліп жатқан жаппай жазалау шараларын тоқтатуын талап етті.
Қазіргі таңда құқық қорғаушылардың ақпараттарына сай, түзеу лагерлері деп аталатын орындарда миллионға жуық ұйғырлар қамауда отыр.
Манифестанттар Еуроодақты Қытайда орын алып отырған қуғын-сүргінді тексеруге делегация жіберуге үндеді.
asyldin.kz