Түркияда ішімдік сатуға тыйым салынады

Түркияда ішімдік сатуға тыйым салынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы жылдың 24 маусымында Түркияда мерзімінен бұрын президент пен парламент сайлауы өткізіледі.

Дәл сайлау өтетін күні алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салынады. Бұл жөнінде елдің Жоғары сайлау комиссиясы мәлімдеген.

Сонымен қатар, 24 маусым күні Түркия аумағында ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындары жабылатын болады.

Сондай-ақ, бұл күні үйлену тойлары мен басқа да мерекелік рәсімдерді өткізуге тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетсек, Түркияда алдыңғы парламет сайлауы 2015 жылдың қараша айының басында өткізілген. Сол кезде сайлаушылардың 49,41% өз дауыстарын қазіргі басқарушы Әділеттік пен даму партиясына берген болатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: