Жуырда Пәкістанның Карачи қаласында көлемі жағынан әлем бойынша үшінші орынды алатын мешіт пайда болады.
Бұл мешіт жер аумағы жағынан Сауд Арабиясындағы қасиетті – Меккедегі «Әл-Харам» мен Мединедегі «Пайғамбарымыздың» мешіттерінен кейінгі үлкен үшінші мешіт болмақ.
Аталмыш мешітте бір мезгілде 800 мыңдай адам намаз оқи алатын болады.
Салынып жатқан аса ірі мешіттің дизайны Түркияда, Иранда, Кувейтте және БАӘ-дегі мешіттерде қолданылған дәстүрлі Ислами стильге сәйкес келеді.
Кешен құрамында тек қана мешіттің өз басы ғана болып қоймайды, сонымен қатар, Ислам мәдени орталығы, Ислам зерттеу орталығы, Ислам мұражайы және Халықаралық университет те орын алатын болады.
asyldin.kz