Ұлыбритания патшайымы Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұрпағынан болып шықты

Ұлыбритания патшайымы Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұрпағынан болып шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елизавета патшайым мұсылман ұрпағынан болып шықты.

Мароккалық БАҚ өкілдері Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екіншінің шежіресін жариялады.

«Әлем жұртшылығының назарын аудартқан бір жайт – британ патшайымы Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) ұрпағының 46-шы буынынан шыққан екен.

Al Arabiya ресурсы мароккалық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасай отырып, британ патшайымының ататегі Пайғамбарымыздың (ﷺ) жиені Хасан бин Әлидің ұрпағынан болған Андалузия әміршісі Әбу әл-Қасим Мұхаммед ибн Аббадқа келіп тірелгендігі анықталды деп мәлімдеген.

Әбу әл-Қасим Мұхаммед ибн Аббадтың немере қызы христиан дінін қабылдап, Кастилия королі Альфонсо Алтыншыға тұрмысқа шыққан екен.

Осылайша, Елизавета патшайым Иордания мен Марокко корольдерінің алыс туысы, сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) ұрпағынан болып отыр.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: