Қазан қаласында халықаралық Ислам бизнес мектебі өтеді

Қазан қаласында халықаралық Ислам бизнес мектебі өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таяу күндерде Қазан қаласында Ислам бизнесі егжей-тегжейлі баяндалатын болады.

Үстіміздегі жылы Ислам бизнес мектебі жаңа форматқа ие болып, Халықаралық Ислам бизнес, экономика және құқық ISIBEL мектебіне айналды, әрі мамырдың 7-13 аралығында Қазан университеті қабырғасында өтетін болады.

11 мамыр күні қатысушылар «Ресей компанияларының Ислам әлемі нарығына шығуы» тақырыбындағы тәжірибеге қатысады деп күтілуде.

2018 мектеп тақырыбы – «Зайырлы мемлекеттердегі Шариғатқа сай қаржы мен бизнес: теория мен тәжірибе». Ал спикерлер қатарында – халықаралық және федералдық деңгейдегі мамандар бар.

Аталмыш мектептің негізін қалаушылар: РФ мұсылман-кәсіпкерлер қауымдастығы (apmrf.ru), Қазан федералдық университеті, Ресей Ислам институты, «КАЗАНЬ ЭКСПО» ЖШҚ.

Мектеп халал өндіріс саласында бизнес жүргізуге, мұсылман әлеміндегі мемлекеттермен қызметтес болуға, Шариғат қағидаларына сай қызмет көрсету мен қаржы секторын дамытуға мүдделі кәсіпкерлерді, топ менеджерлерді, бизнес меншік иелерін, заң, қаржы және банк қызметінің  өкілдерін, заң, қаржы және діни мамандықтары бойынша студенттер мен оқытушыларды оқытуға бағытталған. Мектептің арнайы бағдарламасы дін басы өкілдерінің экономикалық сауатын арттыруға негізделген.

Аталмыш мектептің аяқталуында әрбір қатысушыға Қазан университетінен біліктілікті арттыру туралы құжаты пен Bahrain Institute of Banking and Finance сертификаты табысталатын болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: