Facebook «лаңкестік» контентпен күресті күшейтуде

Facebook «лаңкестік» контентпен күресті күшейтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Facebook лаңкестікті насихаттаумен күресті жалғастыруда. Компания әлеуметтік желілерде лаңкестік мәндегі ақпараттарды жариялауға қарсы күресті күшейтті.

Компания сайтында мәлімденгендей, лаңкестікті насихаттаумен күрес жүргізетін бөлімдегі қызметкерлердің штат санын 150 адамнан 200 адамға арттырған.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап әлеуметтік желіде «Ислам мемлекеті» және «Әл-Каида» халықаралық лаңкестік топтарын жақтаушыларының 1,9 миллионнан астам посттар анықталған.

Сонымен қатар, Facebook тұңғыш рет өзі үшін лаңкестік анықтамасын нақты тұжырымдап отыр.

Енді «Саяси, діни немесе идеологиялық мақсаттар үшін қарапайым халықты, билік структураларын немесе халықаралық ұйымдарды қорқытып, жеке тұлғаларға немесе меншік иелеріне қатысты әдейі жасалған зорлық-зомбылыққа қатысы бар деген кез-келген үкіметтік емес ұйымдар» лаңкестік болып саналатын болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: