Ресей мұсылмандарының діни жиыны мен Ислам ынтымақтастық Ұйымының жаңалықтар агенттігі Кеңесінің еншілес ұйымы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды.
РМДЖ басшысы, Мәскеу қаласының мүфтиі Альбир Кргановтың мәлімдеуінше, құжатта бірқатар бағыттар жөнінде ынтымақтастық құру келісілген.
«Ғылым, білім, мәдениет, жалған діни экстремизмге қарсы тұру және оның алдын алу, сондай-ақ, бірқатар дамыған елдерде орын алып отырған исламофобиямен күресу сияқты басты салаларда келісімге қол қою Ислам бірлестіктерінің ресей әріптестерімен қарым-қатынасын дамытуда нақты қызығушылық танытуын растайды», - деп атап өтті «Интерфакс» ресурсына берген сұхбатында Альбир Крганов.
Оның айтуына қарағанда, «халықаралық саяси басты мәселелер жөнінен мұсылман елдері позициясы мен Ресей мұсылман қоғамдастығының позициясының жақындасуы - Ресей мұсылмандарының дұрыс бағытты таңдағанын көрнекі түрде дәлелдеуде».
asyldin.kz