Түркия кітап оқуға бөлінетін уақыт жағынан Еуропаның көптеген елдерін басып озды. 23 сәуір Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күніне орай, Еуростат 2008-2015 ж.ж. аралығында әлемнің 15 елінде жүргізген зерттеулер қорытындысын жариялады.
Күніне кітап оқуға 13 минут бөлетін эстониялықтар, кітап құмарлықтарымен бірінші орынды иеленуде. Олардан кейін күніне 12 минут оқитын поляктар мен финдер екінші орында тұр. Венгрлер күніне - 10 минут кітап оқыса, гректер – 9 минутты кітап оқуға бөледі екен.
Күніне 7 минутты кітап оқуға бөлетіні үшін Люксембург, Германия мен Түркия тұрғындары бір қатарға орналасқан. Осылайша, британдықтар, испандықтар, нидерландықтар және тағы да басқа төмен рейтингке ие болғандарға қарағанда түріктердің көп оқитындығы анықталған.
Еуропада кітапты ең аз оқитындар француздар, олар күніне 2 минут уақыттарын ғана кітап оқуға жұмсаса, ал аустриялықтар, италияндықтар мен румындар күніне 5 минут уақытын кітап оқуға бөледі екен.
Сондай-ақ, зерттеу нәтижесінде айтылғандай, кітап оқу – түріктердің 10% үшін басты мәдени шара болып табылады екен. Бұл көрсеткіш финдерде - 16,8%, ал поляктарда – 16,4% құрайды.
asyldin.kz