Пәкістан университетінде тұңғыш рет шағын шіркеу пайда болды

Пәкістан университетінде тұңғыш рет шағын шіркеу пайда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Діни ахуал әлі де болса шиелінісіп тұрған Пәкістаннан үміт оты қылаң беретін жаңалықтар жиі келіп түсуде.

Фейсалабад қаласында орналасқан мемлекеттік университеттердің бірінде ел тарихында тұңғыш рет христиандарға арналған шағын шіркеу ашылды.

Ауылшаруашылық университетіндегі католик ғибадатханасының ашылуына Исламабад пен Равалпинди қалаларының архиепископы Джозеф Аршад қатысты.

Қала әкімшілігі өкілдерінің және шіркеудің ашылуына қатысушылардың айтуынша, бұл оқиға Пәкістанның діни өмірінде болып жатқан айтулы өзгерістердің үлгісі.

Осы күнге дейін мемлекеттік оқу орындарында тек мешіттер салуға ғана рұқсат етіліп келген.

Естеріңізге сала кетсек, Islam-Today порталы мәлімдегендей, жуырда Пәкістанда тұңғыш рет жоғары палатаға христиан дінінің өкілі сайланған болатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: