Оразаның парыз болу шарттары
1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз.
Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен
327 Бухари, Саум,11.
жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед)
«Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйыл- са, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де»328.
2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл- есі түзу болғанга дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатқан адамға329. Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат - балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылға орнына келсе, қазасы өтелмейді.
3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу:
Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін»330. Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі
328 Әнфал, 8/38.
329 Бухари, Талақ, 11. Әбу Дәәуд, Худуд, 17.
330 Бақара, 2/184.
әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиуі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.
Оразаның дұрыс орындалу шарттары
1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін оразаның қазасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу - абзал.
2. Ниет: Барлық оразаға жүрекпен ниет ету - жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің ораза екенін біліп, бұл айда ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәреге тұрса, бұл ісі ораза ұстауға ниет са- налады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету - абзал. Рама- зан оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі, әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл - фақиһтердің басым көпшілігінің пікірі.
Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші - түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл оразаның қазасы және кәффәрат оразасы мен жалпы атау (нәзір) оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып ниет ету шарт. Ақшам уақытында шешім қабылдау мен сәреге тұру да ниетке жатады. Екінші - түнде ниеттену мен анықтау шарт емес оразалар: Бұған Рамазан оразасы, уақыты белгіленген атау оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл оразалар жатады. Мұндай оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай оразаға ниет ететін адам екінші шапақтан бері еш нәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі бір күні Айшаға былай деді: «Бесінге тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», - деп жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», - деді.
Кісі түнде қандай да бір оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады. Сол секілді оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, оразасы дұрыс болып санала- ды.
Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егерде шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет етсе, оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл оразаға ниет етсе, ол Рамазан оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас адам болсын ешқандай айырмашылық жоқ. Сол секілді бір оразамен әрі кәффарат, әрі нәпіл оразаға ниет етсе, оразасы кәффарат ниеті үшін жарамды. Бірақ бір ораз- амен әрі қазаға, әрі ант кәффаратына ниет етсе, екеуі де жарамсыз. Мұндай ораза нәпіл оразаға айналады. Бір әйел хайыз кезінде түнде оразаға ниеттенсе, екінші шапақтың атуынан бұрын хайыз мерзімі аяқталса, оразасы жарам- ды. Қапастағы жандар Рамазан айының келгенін біле алмай күмәнданса, өздерінің иштиһаттар - болжамдары бойынша, шешім қабылдап, бір ай ораза ұстайды. Бұл - құбыла мен намаз уақытының анықталуына ұқсайды. Кейіннен рамазан күнінен кем ұстаған болса, ұстамай қалған күндерінің қазасын өтейді. Егер Рамазаннан бұрын ұстаған болса, бұл тек нәпіл оразаға жатады.