Ислам ғылымхалы

Оразаның уақыты мен Рамазан айының анықталу жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оразаның уақыты

 

Ораза уақыты - екінші шапақтан басталып, күннің батуына дейінгі уақыт. Кейбір фақиһтер бойынша, сақтық үшін алғашқы шапақта ішіп-жеуді тоқтатқан жақсы. Кімде-кім шапақ жайында күмәнданса, сәресіні тоқтатқан абзал. Бірақ кімде-кім тоқтатпай ішіп-жеп,

 

323 Бухари, Саум,5-14.
 
кейіннен уақыты шығып кеткенін білсе, оразасын қаза етуі керек. Рамазан айы - ашық аспанда жаңа туған айды көрумен немесе бұлтты күнде Шағбан айын отыз күнге толтыру арқылы білінеді. Құранда Аллаһ: «Кімде-кім ораза айында болса, ораза ұстасын»325. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толықтырыңдар»326, - деген. Басқа бір хадисінде: «Ай жиырма тоғыз күн. Жаңа туған айды көрмейінше, ораза ұстамаңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толықтырыңдар», - дейді. Аузы берік кісі күннің батып-батпағаны жайлы күмәнданса, аузын ашпағаны дұрыс. Ораза ұстаған адам анық уақытты білмесе, шамалаумен сәреге тұрып, шама- лаумен ауыз аша алады. Шапақтың атқанын біле алмаған адам ерте бастан қам жасап, аузын ертерек бекітіп, ал күннің батқанын біле алмаған кезде, кештеу ашқан абзал. Бұл - сақтық үшін жасалған шара. Бірақ қазіргі таңда арнайы жасалған күнтізбелер бар.

 

Рамазан айының анықталуы


Шағбан айының жиырма тоғызыншы күнінен бастап, жаңа туған айды іздеу - уәжіп. Рамазан оразасының аяқталуы үшін де Шәууәл айын іздеу - уәжіп. Егер Ра- мазан айы көрінсе, ертеңіне Рамазан оразасы бастала- ды. Егер де аспан бұлтты болса, Шағбан күндері отызға толтырылады. Одан кейін барып, ораза тұтылады. Сол секілді Рамазан айының жиырма тоғызыншы күнінде

 

325 Бақара, 2/185.
 
де Шәууәл айы көрінуін қадағалайды. Жаңа ай көрінсе, ертеңіне Рамазан айты басталады. Ал егер көрінбесе, онда Рамазан отыз күнге толықтырылады. Яғни, ораза ұсталады. Жаңа ай көрінген кезде тәкбір айтылуы керек. Бұл - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жаңа айды көргенде былай деп дұға ететін: «Аллаһым! Мына айды бізге бе- рекет, иман және амандық пен тыныштыққа арқау ет. Ей, жаңа ай. Сенің де, менің де Раббым - Аллаһ»327. Біздің данышпан ата-әжелеріміздің жаңа ай туғанда -
«Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» - дейтін дұғалары осы Пайғамбар дұғасының мағынасы емес пе? Яғни, Аллаһым! Жаңа айда жарылқап, ескі айда жасаған қателіктеріміз бен күнәларымызды кешір. Дана ата- әжелеріміз ешуақытта айдан бір нәрсе тілеген емес.
Рамазан айы немесе ораза айты аспан ашық болған кезде бірнеше адамның айды көруімен анықталады. Әбу Ханифаның кей сөзі бойынша, екі әділ адам куә болуы жеткілікті. Егер күн ашық болмай бұлт, тұман секілді кедергілер кездессе, тек қана бір әділ, парасатты, шыншыл адам ғана көрсе, оның куәсі жеткілікті. Бұл адам әйел де, ер де болуы мүмкін.
Кейбір ислам ғалымдары астрономия ғылымы арқылы жаңа айдың кіргенін анықтауға болады деп фәтуа берген.