Ислам ғылымхалы

Мәкрүһ оразалар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәкрүһ оразалар «тахриман»  және «тәнзиһан» мәкрүһ болып екіге бөлінеді.


1. Тахриман мәкрүһ ораза. Рамазан айтының бірінші күні мен құрбан айтының төрт күнінде ұсталған оразалар тахриман мәкрүһ. Өйткені,  ол күндер - Аллаһтың бізге ұсынған сый-сыяпатты, қуанышты күндері. Бұл күндері ораза ұстаған адам күнәкар болумен қатар оразасы жа- рамды. Мұндай ораза бұзылса, қазасы өтелмейді.


2. Тәнзиһан мәкрүһ. Тек қана ашура күні ораза ұстау, жұма күні ғана ораза ұстау және сенбі күні ғана ораза ұстау, наурыз күндерінде ораза ұстау - тәнзиһан мәкрүһ. Бірақ әдет етіп, ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, ештеңе етпейді. Жұма күні жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Түндер арасында тек қана жұма түнін ғибадатқа бөлмеңдер. Бірақ кімде-кім әдет етіп ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, бұдан тыс нәрсе321. Екі күн қатарынан ауыз ашпай ораза ұстау да мәкрүһ. Бұл - уисал оразасы. Пайғамбарымыз  (с.а.у.) үмбетіне жаны ашығаны үшін бұлайша ораза ұстауға тыйым салған. «Сен осылай ораза ұстайсың ғой» деп, сұрағандарға Ол: «Мен сендер секілді емеспін. Мені Раббым ішіп-жегізеді», - дейді322. Күмәнді күні де ораза ұстау - мәкрүһ. Яғни, Шағбан айының отызыншы күнін Рамазан күні ме, әлде Шағбан айы ма деп аспан бұлт

 

320 Муслим, Салат, 176.
321 әш-Шәукани,ІV, 249
.
 
болғандықтан күмән пайда болса, бұл күн «күмәнді күн» деп аталады. Бұл күні ораза ұстау - мәкрүһ. Тіпті екі күн бұрын да ораза ұстау - мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Рамазанды бір немесе екі күн бұрын оразамен қарсы алмаңдар. Бірақ кімде-кім әдеті болғаны үшін ұстаса (ұстап жүрген оразасы осы күнге сейкес келіп қалса) ұстасын323. Кімде-кім осы күмәнді күнді рамазан оразасынан деп ұстаса, ұстаған оразасы мәкрүһ болумен қатар, кейіннен бұл күннің Рамазан күні екені анықталған жағдайда, бұл ораза - Рамазан оразасы саналады. Әйелдің күйеуінен рұқсат алмай нәпіл ораза ұстауы - мәкрүһ. Ері оған бұзғыза алады. Пайғамбарымыз  (с.а.у.) былай дейді: «Ері жанында бола тұрып, рұқсатсыз ораза ұстаған әйелдің оразасы адал болмайды»324. Қажылардың әлсіреп қалулары ықтимал болғандықтан «тәруия» және арафа күні ораза ұстаулары - мәкрүһ. Хайыз немесе нифас кезіндегі әйелдің ораза ұстауы харам болып, оразасы іске аспайды. Қазасын өтейді.