Ораза - парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ болып төртке бөлінеді.
Парыз ораза
Парыз ораза екіге бөлінеді:
1. Тағайындалған ораза: Рамазан оразасы.
2. Тағайындалмаған ораза: Қазаға қалған ораза мен
«кәффарат» ретінде ұсталған оразалар.
Уәжіп ораза
Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты. Белгілі бір уақытта тұтамын деп, уақыт белгілеп тұтқан ораза - тағайындалған уәжіп ораза. Нақты уақыт белгілемей кез келген бір күні немесе айда тұтамын деп атаған ораза - тағайындалмаған уәжіп ораза.
Нәпіл ораза
Бұл - сүннет, мұстахап, мәндүп болып үшке бөлінеді.
Нәпіл оразалар мына күндерде ұсталады:
Күн ара тұту
Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ең сауапты ораза - Дәуідтің (а.с.) ұстаған ораз- асы. Дәуід бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын». Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) «Мен одан да көп ұстай аламын», - деген кезде Аллаһ Елшісі: «Бұдан жақсысы жоқ», - деп жауап қайтарды314.
Әр айда үш күн ораза ұстау
Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні ораза ұстау - мұстахап. Әбу Зәрдың (р.а.) риуаяты бой- ынша, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Әр айда үш күн ораза ұстағың келсе, айдың 13, 14, 15-ші күндерінде ұста»315.
Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстау
Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен бейсенбі күндері тапсырылады», - деді. Басқа бір риуаят- та «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын», - деген қосымша сөзі бар316.
Шәууәл айында алты күн ораза ұстау
Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал. Қаза, атау, т.б. оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей317.
314 Муслим, Сиам, 192. 315 Бухари, Әнбия, 377. 316 Әбу Дәәуд, Саум, 60. 317 Ибн Мажә, Сиам, 33.
Арафа күнінде ораза ұстау
Қажылықта болмаған адамның Зилхижжаның тоғызыншы күнінде ораза ұстауы - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Арафа күні ұсталған оразаның бұрынғы және келешектегі бір жылдық күнәлардан арылтатыны Аллаһтан үміт етілген318.
Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы (ашура) және он бірінші күндері ораза ұстау мұстахап немесе сүннет
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген кезде яһудилердің (еврей) ашура күні ораза ұстағанын көріп, «Бұл қандай ораза?», - деп сұрады. Оған: «Бұл
- ұлы күн. Аллаһ бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын дұшпандардан құтқарған. Сондықтан осы күні Мұса (а.с.) ораза ұстайтын» - деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонда: «Мен Мұсаға сендерге қарағанда әлдеқайда жақынмын», - деді де, осы күні ораза ұстауды әмір
етті319.
Харам айларда ораза ұстау
Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Рәжап айларының бейсенбі, жұма, сенбі күндері ораза ұстау
- мәндүп.
Шағбан айында ораза ұстау
Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай
318 Ахмед ибн Ханбәл, V, 196.
айда ораза ұстамайтын. Ол Шағбан айының бәрін ораз- амен өткізетін»320.