Намаздағы мәкрүһтер - тахрим мәкрүһ (харамға жақын) және тәнзиһ мәкрүһ (харамнан қашық) болып екіге бөлінеді. Намазда бір уәжіпті тәрк ету - тахрим мәкрүһ, намазда бір сүннетті тәрк ету - тәнзиһ мәкрүһ209.
Намаздағы мәкрүһтер
1. Намаздың уәжіптерінің бірін әдейі тәрк ету. Мысалы «Фатиханы» оқымау. Немесе әдейі құпия оқылатын намазды жария оқу яки жария оқылатын на- мазды құпия оқу секілді. Тахрим мәкрүһ болған мұндай намаз дұрыс десек те, қайта оқылуы уәжіп. Өйткені, кемістік ұмытылмай, әдейі тасталынып отыр. Ұмытылып тәрк етілсе, қателік (сәһу) сәждесі арқылы түзетіледі.
2. Екінші рәкатты бірінші рәкатқа қарағанда ұзақ оқу - мәкрүһ.
3. Намаздың сүннеттерінің бірін әдейі тәрк ету -
мәкрүһ. Мысалы, рүкүғтегі тәсбихті оқымау.
208 ДИА. 255-226.
209 Кәсани, I, 215-220; әз-Зуһайл, а.а.е., I, 770.
4. Намаз оқыған кезде ешқандай себепсіз бір нәрсеге сүйену (қабырғаға, тірек, т.б.).
5. Намазда себепсіз бір-екі қадам жүру. Бірақ, жылан немесе шаянды өлтіру секілді белгілі бір себеп- термен жүрсе - мәкрүһ емес. Бірақ бұл жүру көп іс- қимылды тудырса намаз бұзылады. Бұндайда зиянкесті жою үшін намазды бұзуға болады.
6. Қырағатта сүрелердің кезекпен оқылмауы -
мәкрүһ. Мысалы, бірінші рәкатта «Нас» сүресін оқып, одан кейін «Ықылас» сүресін оқу тәрізді.
7. Бір рәкатта бір сүренің екі рет оқылуы немесе
парызда екі рәкатта да «Фатихадан» кейін дәл бірдей сүрені қайталап оқу - мәкрүһ. Бірақ бұл нәпіл намаздарда мәкрүһ емес.
8. Намаз оқыған кісі қолымен киім, дене, сақалымен ойнауы және алақанымен аузын басуы, т.б. Хадисте бар:
«Аллаһ сендер үшін үш нәрсені мәкрүһ санады: Намазда бос нәрселермен айналысу, оразада жаман сөз айту, мазаратта күлу»210. Бірақ жүздегі терді сүрту немесе сәжде ететін жердегі ұсақ тастарды бір рет түзетуді дұрыс санаған211.
9. Намазда қиям (түрегеп тұру), қырағат, рүкүғ және сәжде кездерінде қолдарды сүннет болған мүшелерге себепсіз қоймауы - мәкрүһ. Мысалы, қиямда екі қолын екі жаққа тастауы секілді.
10. Намазда бит, шыбын, т.б. өлтіру, қуалау -
мәкрүһ. Бірақ құмырсқа секілді жәндіктер шағып маза- сын кетірсе, алып тастауға болады.
210 Бухари, Зәкәт, 53.
11. Ерлердің сәжде еткен кезде білектерін түгелдей жерге тигізуі - мәкрүһ.
12. Намазда керілу немесе есінеу - мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Есінеу - шайтаннан. Кімде-кім есінегісі келсе, шамасы келгенше жеңуге тырыссын»212 деген.
13. Намазда себепсіз өз қалауымен түшкіру - мәкрүһ.
14. Жеті жерде намаз оқу - мәкрүһ. Бұларды Аллаһ Елшісі: «Күл-қоқыста, мал сойылған жерлерде, ма- заратта, жол шетінде, моншада, түйе қорада және Қағбаның үстінде»213- деп, саралап атап айтқан.
15. Намазда тістерінің арасындағы ноқаттан кішкене бір нәрсені жұту - мәкрүһ. Одан үлкен болса, намаз бұзылады.
16. Дастарқан жайылып, тамақ әзір тұрғанда намазға тұру - мәкрүһ. Бірақ намаз уақытының шығуы жақындаса, ол бөлек.
17. Намазда көздерін жұму немесе көздерін көкке тігу, жан-жағына қарау немесе басын бұрып қарау - мәкрүһ. Негізінде намазда адамның көзін тартатын нәрселер болса, мұндай жағдайда намазды көңіл қойып оқу үшін көзін жұмуға болады. Ал көзін көкке тігу мәселесіне келсек, Аллаһ Елшісі былай дейді: «Бұл әрекетін тоқтатсын немесе Аллаһ олардың көздерін көр етеді»214.
18. Саусақтарын бір-бірімен айқастыру, шытырлату - мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Мешіттегі
212 Бухари, Бәд'л-Халқ, 11. Әдәб, 127
213 әш-Шәукани, II 138
214 Бухари, Азан. 93.
кісі - саусақтарын бір-бірімен айқастырмасын. Өйткені, мұндай іс-әрекет - шайтаннан. Мешіттегі кісі - сыртқа шыққанға дейін намазда»215. Әбу Һурайра:
«Аллаһ Елшісі намаздарда саусақтарды шытырлатуға тыйым салды» - деген.
19. Намазда сәлем бермей жатып терді немесе жүзіне жұққан шаң-тозаңды сүрту - мәкрүһ. Бірақ көзге кіретіндей болса, ондай терді сүртудің оқасы жоқ.
20. Имамнан бұрын рүкүғ немесе сәждеге бару, одан бұрын рүкүғ немесе сәждеден басын көтеру - мәкрүһ. Бірақ имамға ұйыған адам имамнан бұрын рүкүғ немесе сәждеге барып, имам рүкүғке яки сәждеге бармай жатып, басын көтерсе, намазы бұзылады. Бұндай жағдайда, имам рүкүғтан яки сәждеден тұрмай тұрып, имаммен бірге рүкүғті яки сәждені қайтадан жасауы керек.
21. Қиям, рүкүғ және сәжде арасында тәкбір мен тәсбихтарды өз ретінен кейінге қалдыру - мәкрүһ. Мысалы, қиямнан рүкүғке барғаннан соң «Аллаһу әкбар» деу секілді.
22. Жанған отқа қарай намаз оқу - мәкрүһ. Өйткені мұнда отқа табынушыларға ұқсау бар. Жанған ошақ пен пеш, газ да осыған жатады. Шырақ, лампа, электр пеші бұған жатпайды.
23. Арасында ешқандай пердесіз бір адамның жүзіне тікелей қарап намаз оқу - мәкрүһ. Бірақ адамның арқасына қарап намаз оқуға болады.
24. Уақыт бола тұрса да үлкен немесе кіші дәретке қысылып тұрып намаз оқу - мәкрүһ. Бұл тұрғыда: Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Тамақ әзір тұрғанда және
215 әш-Шәукани, II, 328
кіші, үлкен дәреті қысқан адамның оқыған намазы толық емес»216 - деген сөзі бар.
25. Аз мөлшерде ластықтың дене немесе намаз оқылатын жерде болуы - мәкрүһ.
26. Бір аяқпен тұру немесе бір аяғын бір аяғына сүйеу - мәкрүһ.
27. Намазда киімді себепсіз кимей, иығына жауып оқу - мәкрүһ.
28. Таза киімі бола тұрса да, кір киіммен оқу - мәкрүһ.
29. Ерлердің күн ыстықта үстіне киім кимей оқуы - мәкрүһ.
30. Ерлердің ешқандай себепсіз жібек киіммен намаз оқу - мәкрүһ.
31. Киімнің шаңдануынан немесе тізесі шығып, қырының бұзылуынан сақтану үшін, рүкүғ немес сәждеге барған кезде киімді жайлап жоғары көтеру - мәкрүһ.
32. Адам немесе жан-жануардың суреті бар киіммен намаз оқу немесе мұндай матаға сәжде ету - мәкрүһ. Бірақ, мұндай киімнің үстін басқа киіммен жауып оқыса, ештеңе етпейді.
33. Намаз оқыған адамның төбесінде, алдында, оңы мен солында жанды нәрселердің суреті тұруы - мәкрүһ. Бірақ мүшелері жай қарағанда көрінбейтін кішкене бір суреттің оқасы жоқ. Төлқұжат, куәлік, ақша сияқты нәрселердегі суреттер қалта секілді жабық жерде болса, ештеңе етпейді.
Намазды бұзатын нәрселер
Намаздың сыртқы немесе ішкі парыздарының біріне қандай да бір нұқсандық келсе, намаз бұзылады.
Намазды бұзатын нәрселер:
1. Намазда сөйлесу. Намазда мейлі әдейі, мейлі жаңылысып сөйлесе, намазы бұзылады. Намазда біреудің түшкіргеніне «ярхамукаллаһ» (Аллаһ саған рақым етсін) деген бір сахабаға Аллаһ Елшісі намаздан кейін былай дейді: «Намазда адамдық (қарым-қатынас) сөздерді сөйлеу дұрыс емес. Намаз - тәсбих, тәкбір және Құран оқудан тұратын ғибадат»217. Бірақ адамның өз-өзіне
«Ярхамукаллаһ» деуі намазды бұзбайды.
Адамның науқастығынан немесе бір затынан, бір досынан айрылу секілді қайғылардан әріптер белгілі болатындай дауыспен жыласа, немесе «аһ, уһ» секілді дыбыс шығарып жыласа, намазы бұзылады. Бірақ адам өз-өзіне ие бола алмай жыласа, еріксіз есінегендей намазы бұзылмайды. Аллаһтан қорыққанынан немесе жәннат пен жаһаннамды ойлап жылауы, есінеуі намазды бұзбайды. Құран немесе хадистегі дұғаларды намазда оқу намазды бұзбайды. Себепсіз екі әріп белгілі болатындай түшкірсе, намазы бұзылады. Бірақ еріксіз табиғи түрде түшкіру - бұдан тыс нәрсе. Намазда біреудің сәлеміне тілмен жауап қайтару немесе қол алысып, құшақтасып амандасу намазды бұзады. Намазда тұрған адамға «Алға жылжы», «сап түзе» секілді сөз айтылып, ол да осыны іске асырса, намазы бұзылады. Бұл - намазда Аллаһтан басқасының бұйрығына бағыну. Бірақ өздігінен аздап жанына жылжып орын беруі намазды бұзбайды.
Имам Ағзам бойынша, Құранға қарап намаз оқу - намазды бұзады. Намазда имамның қырағатын жамағаты түзесе, намаз бұзылмайды. Намазда бір аятты оқымағанын намаздан кейін хабар берген сахабаға Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Маған ескерткеніңде ғой», - дейді218. Егер имам сол аятты оқи алмай басқа аятқа өткеннен кейін, түзеткен адамның намазы бұзылады. Сол секілді қырағатын сырттан түзеткен адамға ұйып, қырағатын түзеткен имамның намазы бұзылады.
2. Ішіп-жеу. Намазда мейлі әдейі, мейлі білмей бір нәрсе жеу, ішу намазды бұзады. Үлкен болсын, кіші болсын бәрібір. Тістің арасында қалған ноқат дәнінен үлкен нәрсені намазда жұтса, намаз бұзылады. Одан кіші болса, намаз бұзылмайды. Өйткені мұндай нәрседен сақ болу өте қиын. Ауызда еріген қант, шекер, т.б. нәрселерді жұту да намазды бұзады.
3. Қатарынан бірнеше іс-әрекет жасау. Намаз- да жасалған көп қимыл намазды бұзады. Аз іс-қимыл намазды бұзбайды. Намаз оқып тұрған адамның намаз оқып, оқымағаны жайлы сырттан қараған адамға қүмән келтіретіндей жасаған іс-әрекеті - көп іс-қимыл болып саналады. Олар мыналар: Бір адам денесін бір рет немесе екі рет немесе әрбір рәкаттарда бір рет, екі реттен қасыса, намазы бұзылмайды. Бірақ бір рәкатта қатар-қатар үш рет қасыса, бұзылады. Бір саусағымен қолын қимылдатпай бірнеше рет қасыса, бір рет қасығанға жатады. Намазда себепсіз қатарынан тоқтамай үш қадам басу - намаз- ды бұзады. Намазда бір қолымен басынан сәлде немесе тақиясын алып жерге қоюы немесе бұларды жерден алып
басына киюі намазды бұзбайды. Бірақ бұл іс-әрекет - көп іс-қимылды білдірсе, намазды бұзады.
4. Құбыладан бұрылу. Себепсіз намазда кеудесімен құбыладан басқа жаққа бұрылса, намазы бұзылады.
5. Намазда әурет жерінің ашылуы намазды бұзады. Ханафи мәзһабында әурет жері болған мүшенің төрттен бірінің ашылуы намаздың бұзылуына жетіп жатыр.
6. Намаз оқыған адамның дәретінің бұзылуы. Намазда адамның мұрны қанаса немесе аузына құсық келу секілді себептерге байланысты еркінен тыс дәреті бұзылса, мұндай жағдайда адамның дәреті бұзылса да, намазы бұзылмайды. Ол сөйлеместен және басқа бір әрекет етпей тек дәретін қайта алып келген жағдайда, на- мазын келген жерден жалғастыра алады. Бірақ намазын қайта басынан оқыса - абзал.
7. Дауыстап күлу. Намазда жанындағы адам еститіндей етіп күлу - намазды бұзады. Мұндай жағдайда адамның намазы да, дәреті де бұзылады. Егер сәл күлімсіресе намазы бұзылмайды. Бірақ күлімсіреген уақытта өзі еститіндей дыбыс шығарса, намазы бұзылады, бірақ дәреті бұзылмайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім дауыстап күлсе, намазы мен дәретін қайталасын»,219 - дейді.
8. Талып қалу, ес-түстен айрылу. Мұндай жағдайларда адамның намазы бұзылады.
9. Намаз ниетін ауыстыру. Оқып жатқан нама- зынан басқа намазға ниет етсе, намазы бұзылады.
10. Намаздың бір парызын тастау. Намаздың ішіндегі бір парызын сол намазда қаза етпестен тәрк ету
намазды бұзады. Намаздың бір рәкатының сәждесін тәрк етіп, мұны сол намазда қаза етпей сәлем беру секілді.
11. Намаз оқыған ер адамның арасында бір адам сыятындай орын болмай немесе перде, дуал, т.б. бөлінбей әйелмен бір сапта намаз оқуы - намаз- ды бұзатын нәрсе. Ханафи мәзһабында әйел адам ер кісілердің арасында бір сапта намаз оқыса, әйелдің екі жанындағы екі еркектің және дәл артындағы бір еркектің намазы бұзылады. Намаздың бұзылуы намаздағы парыз саналған сап ретінің тәрк етілуіне байланысты.
12. Тәйәммүммен намаз оқыған адамның су көруі. Тәйәммүммен намаз оқыған адам, пайдалануға шамасы келетін суды көрсе, намазы бұзылады. Мысалы, намаз- да тоқтап қалған судың келуі секілді. Бірақ Ханафида, тәшәһһүдта отырғаннан кейін судың табылуы намазды бұзбайды. Өйткені, бұл кезде намаз аяқталған.
13. Намаз бітпей жатып сәлем беру. Төрт рәкаттан тұратын намазды ұмытып, екі рәкат санап, бірінші отырыстың соңында сәлем берген адамның намазы бұзылады. Бірақ төрт рәкат екенін біліп, қателесіп бірінші отырыстан кейін сәлем берсе, намазы бұзылмайды. Сәлемнен кейін көп іс-қимыл жасамаса немесе сөйлемесе, қайтадан тұрып намазының қалған бөлімін орындайды. Кешіктіргені үшін сәһу сәждесі жасалады220.
14. Парыз, уәжіп намаздарының уақыты шыққанда.
15. Мәсіге тартылған мәсіх уақытының аяқталуы.