Ислам ғылымхалы

Халал малдардың кейбір жағдайларға байланысты харамдануы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Бауыздаусыз өз-өзінен өлген малдың етін жеу
- харам. Мұндай өз-өзінен өлген малдың етін жеу ба- уыздалып, денесіндегі қан сыртқа ақпағандықтан жалпы адамның табиғатына теріс және  жиркенішті нәрсе. Біріншіден, мұндай өз-өзінен өлген мал бойындағы бір аурудың яки уланудың салдарынан өледі. Ал ауру малдың етінің адамның денсаулығына зиянды екені медициналық тұрғыдан дәлелденген. Екіншіден, өз- өзінен өлген малдың етінің харам екенін білетін әрбір адам қолындағы малдың күтіміне және емделуіне көңіл бөлері сөзсіз. Үшіншіден, Аллаһ Тағала мұндай өз-өзінен өлген малдарды ит, құстарға және де басқа жыртқыш аңдарға рызық ретінде берген. Бірақ өз-өзінен өлген малда жоғарыда айтылған зияндар болмаған күннің өзінде де Аллаһ Тағаланың «өз-өзінен өлген өлексенің етін жемеңдер» деген әмірі шынайы мұсылмандардың
«ләббайка, Аллаһым» деп бой ұсынып, тыйымдарынан тыйылулары үшін жеткілікті.


2. Буынып, биіктен құлап, басқа малмен сүзісіп, яки бір нәрсемен ұрып өлтірілген  малдарды және жыртқыштардан қалған жемтік етті жеу - харам. Бірақ аталмыш жағдайдағы малдар өлмей жатып бауыздал- са, жеуге болады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Сендерге өлексе (бауыздалмаған мал), қан, шошқа еті,  Аллаһтан  басқаның  аты айтылып бауыздалған, буынып, құлап, сүзісіп өлген мал және жыртқыштардан  қалған жемтік етті жеу  харам қылынды»466.


3. Аллаһтан басқаның аты айтылып сойылған мал. Малды бауыздаған уақытта Аллаһтың атын атап бауыз- дау шарт. Бауыздаған уақытта «Бисмиллаһир-рахманир- рахим» деуге болатыны сияқты, «Аллаһу  әкбар,  яки Аллаһу а'зам» деп те айтуға болады. «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп айту - мұстахап. «Бисмиллаһ» ұмытылмай, әдейі айтылмай сойылған малдың етін жеу - харам. Ал ұмытылып айтылмай қалса, онда жеуге болады.
Әбу Ханифа бойынша, сойылған малдың ішінен өлі шыққан баласының еті - харам. Бірақ тірі шықса,
«Бисмиллаһ» деп, сойып жеуге болады. Балықтарды бауыздаусыз жеуге болады.
Христиан және еврейлердің Аллаһтың атын айтып сойған малдарының етінен жеуге болады. Отқа, пұтқа, жұлдызға табынатындардың сойған малдарының етін жеуге болмайды.
Бауыздаған уақытта малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып қайрау - мәкрүһ. Ал, қинамай сою - сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса пышағын жақсылап қайрасын. Тезірек бауыздап малды рахатына қауыштырсын»467. Малды құбылаға жатқызып сою - сүннет. Ал, басқа жаққа қарату - мәкрүһ.


4. Бауыздаған уақытта аққан қан. Мал бауыздалған уақытта денесіндегі қанның көбі  сыртқа шығады.

 

466 Маида, 5/3.
467 Муслим, Сайд,57.
 
Жәһилия дәуірінде араптар бұл қанды ұйытып, құрғатып, сосын жейтін. Аллаһ Тағала «Маида» сүресінің үшінші аятымен бұл қанның ішілуін де, желінуін де харам қылды. Малдың денесінің жіңішке тамырларында және өкпе, бауыр, талақ сияқты мүшелердің ішінде қалып қалған қандар сол мүшелермен бірге желінетіндіктен халал.