Ислам ғылымхалы

Ихрамға кірген адамға тыйылған нәрселер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 


 
Ихрамға кірген адамға тыйылған нәрселер

1. Ихрамға кірген адамның денесіне байланысты тыйымдар:

  • Шашын, сақалын, мұртын алу немесе қысқарту
  • Қолтықтың астындағы және жалпы денедегі түктерді қыру немесе қысқарту
  • Тырнақ алу
  • Шаш, сақал және мұртқа май жағу немесе бояу
  • Әйелдердің боянулары (лак, далап, т.б.)
• Денеге немесе ихрамға хош иіс себу және иіс сабын қолдану

 

2. Киімге байланысты тыйымдар:

  • Тігілген киім кию. Тігілген киімдерді суықта иыққа жабуға немесе денеге жабуға болады. Бірақ жапқан уақытта қолын киіп, түймелерін түймелеуге болмайды.
Изар мен риданың412 шеттерін сөгітіліп кетпеу үшін тігуге, жыртығын жамауға рұқсат. Ақша салу үшін тігілген арнайы қапшық, белдік сияқты нәрселерді, ыстықтан қорғану үшін тігілген қолшатырды қолдануға болады.
  • Басты немесе бетті жабу. Тақия кию, сәлде орау,
 
т.б.
 

 

 

  • Қолғап, шұлық кию
Киімге байланысты тыйымдар тек қана еркектер
 
үшін. Әйелдер әдеттегідей киінеді.

 

412 Изар - белден төмен қарай, рида - белден жоғары қарай жабатын сүлгі немесе мата. Бұлардың түсі ақ және жаңа болғаны жөн.
 
3. Харам аумағына байланысты  тыйымдар:
Мекке қаласының және жан-жағындағы «Харам» деп аталатын аумақтың аңдарын аулау, өсімдіктерін жұлу немесе шабу ихрамды адамдарға да, ихрамсыз адамдарға да харам.

4. Жалпы тыйымдар:

  • Әйелімен жыныстық қатынас жасау, сүйісу, құшақтасу, жалпы нәпсіні қоздыратын барлық нәрселерді істеу.
  • Дінде харам болған істерді жасау.
  • Мұсылман бауырымен таласу, ерегесіп, ұрысып, төбелесу, жаман сөз айту, біреуді ренжіту. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Қажылық белгілі (Шәууал, Зилқағда, Зилхижжаның алғашқы он күні) айларда. Кімде-кім бұл айларда қажылықты міндеттенсе (мы- наларды білсін!) әйелімен жақындасуға, күнә істеуге және жанжалдасуға болмайды»413.
• Аң аулау.

 

Ихрамдағыға рұқсат істер

  • Иіс сабын қолданбау шартымен жуыну
  • Көлеңкеде отыру немесе қолшатыр қолдану
  • Дененің түктерін түсірмеу шартымен қасыну
  • Сынған тырнақты түсіру
  • Тіс пастасымен тіс жуу және көзге сүрме жағу
  • Ихрам киімдерін жуу немесе ауыстыру
  • Жүзік, сырға, қол сағат қолдану
  • Әтір сататын дүкенде отыру
• Гүлді немесе жемісті иіскеу

 

413 Бақара, 2/197.
 

  • Басын және жүзін жаппау шартымен денесін көрпемен жабу
  • Зияны тиетін жәндіктерді өлтіру
• Белдік тағу, иыққа сөмке асу