1. Толық жуыну. Ихрамға кірмес бұрын денені толық жуу - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға кірмес бұрын толық жуынған.
2. Ихрамға кірмес бұрын тырнақ алу, шаш түзету, қолтықтың асты және ұятты жердің түктерін алу - мұстахап.
3. Ер адамдар, тігілген киімдерін шешіп, изар және рида деп аталатын екі таза матаға оранады. Из- армен кіндіктен төмен қарай оранып, ридамен жоғарғы денесін орайды. Бастарына еш нәрсе кимейді. Аяқтарына сүйретпе аяқ киім киеді.
Ихрамға кірген әйел адам әдеттегі киімдерін шешпейді. Бастары жабық күйде, тек қана жүздері ашық болады.
4. Ихрамды болып жүрген уақытта парыз намаз- дардан кейін, топтасып жүрген басқа қажыларға кезде- скен уақытта, жоғары не төмен түсіп-шыққанда және сәресі уақыттарында, жалпы мүмкін болған әр жағдайда көтеріңкі дауыспен тәлбия айту - мұстахап. Әйел адам тәлбия айтқан уақытта даусын қатты шығармайды.
5. Тәлбия айтқаннан кейін көбірек салауат айтып, артынан дұға жасап, тілек тілеу.
6. Ихрамға кірместен (ихрамға кіру - ихрам киімдерін киюмен емес, қажылыққа немесе умраға, яки екеуіне бірдей ниет ету мен тәлбия айту арқылы болады)
бұрын денені әтірлеу - сүннет. Айша анамыз мына хадисті риуаят еткен: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға кірерде мен оған ең жақсы әтірін жағатынмын»
414. Бірақ ихрамға кіріп қойғаннан кейін әтір жағуға бол- майды.
7. Ихрам намазы
Денені толық жуғаннан кейін немесе дәрет алғаннан кейін, ихрамға кірместен бұрын, екі рәкат намаз оқылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Зулхулайфада екі рәкат намаз оқып, сосын ихрамға кіргені риуаят етіледі. Бұл намаздың бірінші рәкатында - «Кафирун», екінші рәкатында - «Ықылас» сүресін оқу сүннет.