Әл-қисса

Әл-қисса

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

- Аға! М.м. Бұл тағы да сіз екенсіз ғой!
- Бұл сенбісің. Бүгін тағы не сұрайын деп едің?
- Осы жақын маңда арақ-шарап дүкенінде жеңілдік болып жатқан көрінеді. Соған асығып бара жатқаным ғой. Шампань алайын деп ем жаңа жылға.
- "Шаппан". Ол темекінің жетінші атасы ғой. 
- Ішімдік те харам дегіңіз келіп тұр ма?
- Менің дегенім маңызды емес. Сені мен мені мына ғаламды жаратқан Құдай Тағала және Оның елшісі айтқан.
- Қалай?
- Тыңда ендеше бір сәт аялдай тұр. Әл-қисса:

«Ішімдік» сөзі араб тілінде «хамр» және «мускир»
деп аталады. Араб тілінде бұл сөздер азы немесе көбі
ішкен кезде мас қылатын ішімдіктерге айтылады. Ислам
діні барлық мас қылатын ішімдіктерді харам етіп, ішуге
тыйым салған. Құранда:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آَمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنْصَابُ وَالْأَزْلَامُ
رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونََ. إِنَّمَا يُرِيدُ
الشَّيْطَانُ أَنْ يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاءَ فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ
وَيَصُدَّكُمْ عَنْ ذِكْرِ الَّهلِ وَعَنِ الصَّلَاةِ فَهَلْ أَنْتُمْ مُنْتَهُونَ
«Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар, тігілген
тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар – лас,
шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар. Сонда ғана
бақытқа жете аласыңдар. Негізінен шайтан да, арақ
та және құмар да араларыңа дұшпандық әрі кек са-
лып, Аллаһты еске алудан және намазға кедергі бо-
луды қалайды. Ал сонда тыйылмайсыңдар ма?» деп
айтылады.
Аятта арақ-шарапқа тыйым салған себебін ашық айтқан.
Қазіргі медицина барлық ішімдіктің адам денсаулығына
зиян екендігін мойындауда. Көптеген елдер де ішімдікке
тыйым салуының, яки ішпеуге үгіт-насихаттау жасауының
себебі еліне ішімдіктің экономикалық, қоғамдық жағынан
зиянды екендігінен туындап отыр. Қашыққа бармай-ақ
Ресей тәрізді кейбір көрші елдердің халқы көз алдымыздан жылдан-
жылға құрып бара жатқаны дәлел ретінде жетіп жатыр.
Қазақ халқының да жетпіс жыл арақ-шарапқа әуестігінің
кесірінен өзінің мың жылдық жақсы дәстүрлі қасиетінен
ажырап қала жаздағаны да рас. Ішімдікке салынудан өз
ата-анасына қол жұмсағандар, ажырасқандар, қаншама
жетім қалған бүлдіршіндер толып жатыр.

Ғалымдардың тұжырымы бойынша, аз мөлшері де,
көбіде мас қылатын барлық ішімдік түрі аятта айтылған
«хамр» ұғымына жатады. Муслимнің 
«Барлық мас қылатын нәрсе хамр. Ал
барлық «хамр» харамға жатады» деген бабындағы бір
хадисте Аллаһ елшісінен осы жайлы сұралғанда ол (аләйһис-
саләту уәс-сәләм): «Әрбір мас қылатын нәрсе
харамға жатады», – деп жауап берген.
Аз ғана ішіліп адамды мас қылмайтын болса онда
ішуге болады деп ешкім айта алмайды. Құранда ішімдік-
ті «лас» деп үкімін берген. Ендеше лас нәрсенің және
шайтанға жақындататын нәрсенің азын да ішуге болмай-
ды. Сол себепті Ислам дінінде көбі мас қылатын нәрсенің
азын да ішуге тыйым салған. Аллаһ елшісі (аләйһис-саләту
уәс-сәләм): «Көбі мас қылатын нәрсенің азы да харам», «бір
«фарақы» мас қылатын нәрсенің бір алақаны да харам»,
– деп харамдығын айтқан.
Сондай-ақ, геройн, наша т.б соған ұқсас нәрселердің
бәрі де «хамрдың» ұғымына жататындықтан олар да харам
тобына жатады.

- Ал егер науқас болып ішімдік соған соған ем болатын болса ше?

- Төрт мәзһаб имамдарының пәтуасына қарай ішімдіктің
кез-келген түрлерімен емделу және осы мақсатта (майда,
тағамда, бір дәріні ерітуде) пайдалану харам. Өйткені
Аллаһ елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Аллаһ сендерге харам
еткен нәрселерде шипа жаратқан емес» , – дейді. Бір
кісі де Пайғамбарымызға «мен шарапты емдік мақсатта
пайдаланып жүрмін» дегенде, ол: «Ол ем емес, керісінше
дерт», – деп жауап береді.
Ханафилерде егер шипа беретіні айқын білінетін бол-
са және оның орнына басқа бір дәрі болмайтын болса,
онда спирт қосылған, яки спирт арқылы ерітілген дәріні
пайдалануға болатыны айтылады. Бірақ, бұл әлбетте зәру
жағдайда ғана. Егер шипа болатыны күмәнді болса, онда
болмайды. Сондай-ақ Шафиғилар да ішімдік бір дәрінің
ішіне араласып жоғалмайтын болса және тек ішімдік бо-
лып тұрса ғана харамдығын алға тартқан. Яғни басқа дәрі
болмаған жағдайда спирті еріп басқа нәрсеге айналған не-
месе жоғалған дәріні пайдалануға болатынын айтады.

- Ал кешегі насыбай мен қорқор туралы не дер едіңіз?

- Насыбай да қорқор да темекіге ұқсас. Бүгінгі таңда
еліміздің денсаулық сақтау министрлігі де насыбайдың
табак пен әктен және басқа да зиянды нәрселерден жаса-
лып, оның адам ағзаларына зиян екендігін айтуда. Тіпті
бұл зияндылық рак секілді аурулардың тудыруға апа-
ратынын айтады. Қорқорды да ғалымдар темекімен бір
екендігін алға тартады. Ол да аса зиянды нәрсеге жатады.

- Солай деңіз. Мен бұларды білмеуші едім.
- Біз секілді мұғалім молдалар, бізден басқа осы елдің жас ғұламалары және тақуалары көп жыл болды бір-бірімізбен "сен мұсылман емессің, мен мұсылманмын, сен жұмаққа симайсың, мен кіремін" деп қолымыз тиіңкіремей жүр ғой. Жұмысымыз қауырт. 
- А, а солай деңіз. Ал, квас пен алкольсіз ішімдік ше онда спирт жоқ қой?
- Ол туралы тағы бірде айтармыз.

Мұхитдин Исаұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: