Бүкіл әлемнің Раббысы болған Құдіреті күшті Аллаһ Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын және оның ардақты Пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.)-ға салауаттар болсын! Аллаһ Тағала жер бетіне Адам (а.с.) атадан бастап біздің Пайғамбарымызға (с.а.у.) дейін 124000 пайғамбарлар жіберіп тұрған. Жіберілудегі мақсат - Аллаһ Тағаланың қасиетті шариғатын насихаттап, қауымдарын ғапылдық, қараңғылықтан құтқарып, тура жолға шақыру еді.
Міне, осыған қарап хазреті Мұхаммед (с.а.у.)-ді «мейірімділік жаршысы» деп атасақ та әбден жарасады. Мәселенің ең негізіне тоқталайық. Осы айтылып отырған шариғатты алып келген өз пайғамбарымыздың (с.а.у.) дінін қаншалықты қабылдап, қаншалықты орындауымызда?! Өткен замандарда Кеңес үкіметінің қысымшылығы мен т.б. әңгімелерін әлі де айтып тауыса алмай келудеміз. Әлбетте, дінге қарсы саясаттың 70 жыл бойы жүргізген кертартпа сарабдал саясатының зияны мен кесірі ел санасына сіңіп, таңба басқандай қатты із қалдырған еді.
Керек десек өліктің жаназасын шығаруға мүмкіндік болмай жасырын түрде жүргізілген уақыттар да болды. Себебі, дін адамы болу немесе діннің амалдарын орындау - халық жауы болып саналатын. Ал енді еліміз егемендік алып, жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жана бастап, туымыз аспанда еркін желбіреген заманда Аллаһтың бұйырған шариғатын орындауға неге кіріспеске? Әрі сол зардап салдарын жойып, адамгершілік пен ізгілік, дін мен діл секілді құндылықтарымызды қайта жандандырып, амалға асыратын кез-келді. Тіпті, ата-заңымыз Конституциямыздың да 14 бап 2 тармағында да:
«...діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды», - деп еркіндіктің берілгені көрсетілген емес пе? Бұдан ұғарымыз, баршамыз өзімізді мұсылман санап, Алланың пендесіміз деп біліп, бірақ, шариғат, ислам талаптарын орындауға келген кезде оған немқұрайлы қарап, бірін орындасақ бірін тастап кетуімізде.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадисінде: «Аллаһ Тағала кімге игілікті қаласа, оны діннен хабардар етіп қояды», - деген екен. Бұл нені меңзейді? Баршамыздың қазіргі кезде дінді игерудегі мүмкіншілігіміз көп. Шуағын шашқан мешіттер жетерлік, діни оқулықтар мен діни-әдебиеттер жетерлік, дін мамандары баршылық, сонда біз нені немесе кімді күтіп жүрміз?. Адам баласы өмірінің соңғы демін қашан келерін білмейтіні сөзсіз. Демек, хадистегі айтылған мүмкіншіліктердің қазір айналамызда болуы анық Алланың біздерге қалап, дінді нәсіп еткені. Мұндай аспанға қараған пікірде жүре берсек қай уақытта мәңгілік сапарға дайындаламыз? Сұрап қалса мақтана жауап беретін «мұсылманбыз» дейтініміз қайда? Әсіресе, бұл мәселе Түркістан топырағын басып жүрген әрбір азаматқа қатыстырақ.
Себебі, болғаны мен болары көп қасиетті Түркістанымыздай жерден небір атағы жер жарған ғұламаларменен әулие-әмбиелер ғұмыр кешкен. Солардың бір-ақ мысалы Қожа Ахмет Яссауи бабамыз. Осындай кісілер ғұмыр кешкен топырақты басып жүріп, діни ахуалымыздың төмен болуы тым ұятты нәрсе. «Атына заты сай»-дегенге қарай осыларға лайығырақ бола білуіміз керек. Ішкі кемшіліктерімізді өзіміздің байқағанымызды былай алғанда, сырттан келгендердің «Түркістандай қасиетті жер неткен тамаша?!» деп ойлап, өз қиялдарымен Түркістанның адамдарын құтты бір араб мемлекетіне ұқсастырып келіп, ал шын мәнісінде қаншалықты қалай екеніне көздерін жеткізгендері біздерге пышақты арқадан соққандай болмай ма? Алайда, «ниетіміз таза, ешкімге зиянымыз жоқ, Алланың көзі тура болса болды емес пе», - деген ниет бізді құтқара алмайтынын тағы ескергеніміз жөн.
Алланың құзырына барған соң есеп береміз дейміз, дәл сол есеп-қисапта біз діннің не екенін білмедік немесе бізге ешкім айтпады деп түрлі уәждар мен шағымдарды айтуымыз пәрменсіз болмақ. Себебі, Аллаһ Тағала баршамызға ақыл, ой-өріс, денсаулық, қос-қос етіп жұп-жұбымен тіршілік қамы мен қарым-қатынас үшін адамды жараттым деп жерге бір кіргізері бар. Сонда қайтпекпіз, халіміз қандай болмақ? Пайғамбарымыз (с.а.у.) осындай үрейлі жағдайлардың бірін өз сахабасына былай деп ескерткен: «Ей Омар! Қабірде қара жүзді және жасыл көзді екі періште (сұрақ-жауап алушы Мәнкүр мен Нәкир) келсе халің қандай болады, білесің ба? Олар қылыштарымен жерді теседі. Дауыстары ащы көздері өте шақпақ секілді. Сенен Раббың, дінің және Пайғамбарың жайында сұрайды». (Тирмизий, Абу Саиддан (Абу Абдуллаһ Мухаммад ибн Али «Науадирул усул»). Бұл мәңгілік о дүниеге дейінгі жағдай, ал, ары қарай не болары һәм белгісіз.
Расында бұл дүние алдамшы. Дүние қызығы мен шыжығы, әшекей, нәпсі, шайтан дегендерді Аллаһ Тағала біздерге әдейі осылармен күресіп өзіне қауышуын қалап о дүниенің бақытына кенелу үшін жаратқан. Осы ретте баршамыздың ойымызға сонда өмірдің мән-мақсаты не? деген сауал туары сөзсіз. Бұны да Аллаһ Тағала Құранда: «Мен жындармен адамзатты өзіме тек құлшылық қылулары үшін ғана жараттым», («Зәрият» сүресі, 56 аят) - деп түсіндірген. Аңғарғанымыздай бұл аятта Аллаһ Тағала баршамыздың бұл дүниеге келудегі мақсатымыздың ислам шариғатын орындаумен бұйрығымызды орындап, істе дегенін істеп, істеме деп тыйғандарынан тыйылу арқылы мәңгі өмірімізге рахат есігін ашу. Рас, адам баласының табиғаты дүние тіршілігінен көз алалмай арпалысып беріліп қалатын сәттері көп кездеседі. Бірақ бұл дүние қызықтары, таусылмас машақаттары мұсылмандар үшін емес.
Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл дүние мұсылмандарға зындан», - деп алдамшыны айғақтап берген. Аты айтып тұрғандай «ислам», «сәләм» тіркестері бір жерден болып мағынасында: «бейбітшілік, ізгілік, рахымдылық» ұғымдарын қамтыған. Бұл дін - адамзатты екі дүниеге жеткізер баға жетпес кілт іспеттес. Алайда, көптеген бауырларымыздың бір іс үшін тоқтап қалып, Алланың рахымынан «жасарын жасап қойдым, енді Аллаһ күнәмді кешірмейді», - деп бір күнәсі үшін үміт үзуі де орынсыз. Бұл исламға жат нәрсе. Себебі, Аллаһ Тағала өзі: «Мейірімім қаһарымнан басым», - деп өзінің жібінен үміт үзбеуге, әлі де мүмкіндіктердің бар екендігін меңзеген.
Аллаһ Тағаланың мейірімін қандай да бір пендесі бір күнә іс жасап қойса күнәсін жазуды кешіктіріп, істеген сауаптарының ең кемі он сауап жазатынын-ақ байқасақ болады. Неткен кеңшілік, рахымдылық? Осындай мүмкіншіліктер беріліп тұрған болса үміт үзу әсте қателік. Бір хадис-құдсиінде Аллаһ Тағала («хадис-құдси» деген мағынасы Аллаһтікі, сөзі Пайғамбарымыздан (с.а.у.)): «Құлым маған бір қарыс жақындаса, мен оған бір құлаш жақындаймын.
Құлым маған жүріп келсе, мен оған жүгіріп барамын», (Сунанут-Тирмизи) - деген. Бұл сөзімен Аллаһ Тағала өзінен кешірім және тура жол сұраған құлын кешіруге асығатынын дәлелдейді. Осылардан шығар қорытынды исламның шариғатын игеріп оны жүзеге асыру. Исламның шарттары: 1) «Мен Аллаһтан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін», - деп куәлік ету 2) күніне бес уақыт намаз оқу 3) Рамазан айында ораза ұстау, 4) зекет беру, 5) жағдайы болғандар өмірінде бір рет қажылыққа бару.
Бұл шарттарды кемітуге немесе біреуін орындап екіншісін тастап кетуге болмайды. Ол жағдайда мұсылмандық негіздер орындалған болып саналмайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мен (пайғамбар етіліп) жіберілгенімде қиямет мына екеуіндей еді», (Саъд ас-Саийдийдан (р.а.) Имам Бухари мен Имам Муслим) - деп бас бармақ және сұқ саусақтарымен ишара етсе, тағы бір хадисінде: «Мен қиямет демінде жіберілдім...» (Мустаурид ибн Шаддадтан) дейді, «қиямет демінде» - делінгені бұл өте жақындықты білдіруші белгі, яғни, адам басқа бір кісінің алған демін (тынысын) есту үшін өте жақын тұру керек болса, қияметте дәл солай жақын екені білдірілген.
Түсінгеніміздей шешуші күннің алыс емес, санаулы уақыт қалғандығы. Осыны ескерген болса керек бізден бұрын өткендер өсиет ретінде біздерге мынадай жанашырлық дана сөздерімен ишара етіп: «өзіңе намаз оқудан бұрын өзің намаз оқы», - деген екен. Яғни, ажал мерзімі жетпей, жаназамыз оқылмай тұрып о дүниелік сапарға әрдайым дайын бол дегені.
Осы ретте қосымша болсын деген ниетте көпшілік мұсылман қауымының «шариғат» деп, бірақ та, шариғат өзі қандай?, қалай екендіктері жайлы аз мағлұматына қысқа-нұсқа түрде анықтама беру ұйғарылды. «Шариғат» сөзі сөздікте: «___________» сөздерін білдіріп, дінде «_____________» ұғымдарын білдіреді. Шариғат екі негізді: 1) ғибадат 2) муамалат (күнделікті тұрмыс-тіршілік, қарым-қатынас үкімдерін, оның сауап пен күнәларын) қамтиды. Бірінші - ғибадат дегеніміз адамдардың анығырақ айтқанда исламның бес парызына қатысты болып келеді. Шариғаттың бұл бөлімі құлшылық, сауапты ізгі амалдар т.б. мәселелерін қамтиды.
Ал, муамалат болса - атап өткеніміздей өмірдегі тұрмыс-тіршілік, қарым-қатынас: неке (некенің үкімдері, тәртіптері, жазалары, сауаптары мен күнәлары), сауда (қалай саудаласу қажет, оның тәртіптері), жазалар (істегеніне сай қылмыстардың қолданылуы), негіздерін қамтиды. Бұлар әрбір мұсылманға парыз болған бес парыздан тыс. Дін - адам баласы тек өлікті жерлеу немесе т.б. сондай сияқты істерді амалға асырғанда ғана қолданатын нәрсе емес. Сондай-ақ, күнделікті жүріс-тұрысымыз жалпылама айтқанда әрдайым бізбен бірге байланысы берік болған ұстаным.
Яғни, мұсылман адам бес парызды орындап қойдым немесе бітіріп шықтым деулері дұрыс емес. Бұйрықты орындаудың уақыты қияметке дейін жалғасын табады. Бітуі тек ақтық сапардың келуінде. Онымен қоса шариғаттың ішінде білуіміз ләзім болған тармақтары да бар. Бұлардың барлығы шариғат амалдары, ал, шариғат болса Алланың бізге берген аманаты мен бұйрығы. Осылайша шариғаттың сан-салалары да болады. Мұны өзін мұсылман санатына жатқызатын әрбір мұсылман білуі тиіс. Себебі, әркім өзінің нені істесе күнә яки сауаптың қалай және немен жүзеге асырылатынын білуі керек. Шариғаттың үкімдерін білмеген жағдайларда адам баласы күнәға батары сөзсіз.
Білмегендіктің себебімен Алланың алдында өзімізді толықтай ақтап шығуымыз ойлантырар мәселе. Түйінінде, кейбіреулеріміздің бір күнә іс жасағанда «білмегенді Аллаһ кешіреді» деген сауатсыздық сеніммен жүре берулері дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұдан құтылудың жолдарын да көрсетіп кеткен. Бәлкім, бұл да кешірілер. Рас, адам баласының істелген істеріне қарап түптің-түбінде мерзіміне қарай тозақтан шығарылады, алайда Аллаһ Тағала біздің қамымызды ойлап соған ұрынбай біздерді құтқару үшін алдын-ала шариғатты жіберген болса, бірденнен жәннатқа апарар жолдың мүмкіндігі ретінде неге оны орындамасқа?!. Шариғаттың білімдерін бірденнен игеру мүмкін емес.
Алайда, соны білген болса керек Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бесіктен қабірге дейін білімді іздеңдер», - десе, тағы бар хадисінде: «Білімді Қытайда болса да барып іздеңдер», деп, білімге шақырса, оған тағы: «мұсылмандық әсте-әсте», - дегенді қосыңыз. О дүниеге еш нәрсеге соқтықпай бірденнен рахатқа бөлейтін жол ол - Алланың қасиетті кітабы Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті.
Тобықтай түйіні діннің ең негізі болған намазы жоқтар намазға, намазы болғандар болса шариғаттың басқа да талаптарын орындауға бет бұрулары қажет.
Өзімізге дейінгі қиын қыстау замандарды назарға алсақ, қазіргі заманда намазға бет бұруға ешқандай бөгет болар себептер жоқ. Дінге бет бұрмағанымызды былай алғанда бауырларымыздың, жақындарымыздың адасып, бір үйде тұрып әртүрлі дінді, әртүрлі ағымға байланып алып, тіпті мұсылман бола тұрса да әрқалай көзқараспен сен намазды неге былай оқисың, олай емес былай, т.б. деп бөлініп, қырғи-қабақ болып жатқандары шошытарлық мәселе.
Оған қоса қазіргі кезде көптен бері орындалып келе жатқан бейсенбі күндері шелпек пісіру дәстүрін де тегіс барлығын ширк (құдайға серік қосу) деп шығатындары да шығып жатыр. Бұлар өзі қайдан келді немесе қайдан шығып жатыр? Осындай жағдайларды болдырмай алдын-алу үшін дінді ертерек игеріп, сауаттылықты жандандыруға тиіспіз. Халық даналығында: «Ештен кеш жақсы», - демекші еш уақытта парызды орындау кеш емес, бастысы дер кезінде кірісуімізде.
Пайғамбарымызға (с.а.у.) Меккенің мүшріктері келіп: «Ей, Мұхаммед! Сен бір жыл біздің дінімізді ұста, сосын біз де сенің дініңді бір жыл ұстайық» десе де Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің батылдығымен қайтпай, Алланың бұйырғаны бойынша: «Бір қолыма ай, бір қолыма күнді берсеңдер де қабылдамаймын! Менің дінім өзіме, сендердің діндерің өздеріңе», - деп аман сақтап берген дініміз аман болсын!.
Аллаһ Тағала баршымызға шариғатпен амал етуімізді нәсіп етіп, әу бастан жауымыз болған шайтанның азғыруынан, ағымның алдауынан сақтап, дүниеден соңғы сөзіміздің «ләә иләһә иллаллаһ мухаммадур расулуллаһ» иман кәлимасын айтып өтуімізді нәсіп етсін!.
Абдуллаев Руслан