Теңіздің дәмі тамшыдан.

Теңіздің дәмі тамшыдан.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздігімізді алған бақытты сәтте ақпаратымыз өзгеге тәуелді болмай еркін аспанда өз аясын кеңітіп, биік белесті бағындырып,  мәйекті жеміске қол жеткізу үшін жалпымыз атсалыссақ өнімді болар.
«Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел», - деп Абай атамыз айтқандай, кемеліне келген  заманның талабы.  Бүгінгі  өркениетті қоғамның ауқымына ілесу, озық елмен теңесу. Ендеше ғылымдағы озық жаңалықты қабылдап,  ғаламтор жүйесінде жұмыс жүргізу қоғамға ауадай қажет болып отыр. 

 

Асыл дініміздің құндылығын арттырып,  ислам ілімін әр мұсылман баласына ана тілімізде жеткізу біздің  алға қойған мақсатымыз.  Діни үкімге қайшы келмейтін, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізбен  ғұрып-әдетімізді, өскелең ұрпақ жадына сіңірер болсақ, нұр үстіне нұр болар.

 

Көп бауырларымыздың көкейінде жүрген сұраққа,  біздің сайтымыз арқылы ғалымдар мен имамдар тарапынан жауап беріліп жатса, жұмысымыздың мақсатына жеткендігі. Осындай алға қойған мақсатпен «hibатulla.kz» атты сайтымыз ҚМДБ-ның мақұлдауын алып,  2012 жылдың 1 қарашасынан бастап жұмысын бастап отыр.

 

Теңізге  асыққан бұлақтай әр өлкемізде ашылып жатқан мешіт сайттарының ортақ ойы біреу. Ол болса болашақ ұрпақты отансүйгіштікке,  имандылыққа  шақыру.  Аталмыш интернет-ресурсымыздың   online режимінде сайтқа көптеген діни мәліметтер кіргізіп отырамыз.

           Сайтта қамтылған:
1. Жаңалықтар мен  жетістіктер
2. Түрліше тақырыптағы діни мақалалар
3. Өңіріміздегі  жаңалықтар
4. Ұлы  ғалымдардың ұлағатты сөздері
5. Жұма уағыздары
6. Әр түрлі  уағыз-насихат видеолары
7. Дыбыстық  жазылған өлеңдер
8. Түрлі картиналар мен фотолар
9.  Діни әдебиеттер
10.  Әртүрлі мазмұндағы, уағыз-насихаттар
туралы мәліметтер, Сіздердің жүректеріңізге жол тартып, рухани азық болады деген үміттеміз. Иман бұлағынан  сусындағайсыздар, барлық жұмыс Сіздердің  игіліктеріңіз  үшін жасалған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: