- Аға темекіңіз бар ма?
- Жоқ, оны не үшін шегесің? Харам емес пе?
- М.м. Білмеймін не үшін шегітінімді, ал харамдығын қайдан білесіз?
- Бір сәт тыңда ендеше. Әл-қисса:
Исламның алғашқы үш кезеңінде темекі деген нәрсе
жоқ болатын. Ол алғаш рет XVI ғасырда пайда бола
бастаған. Темекі Ислам әлеміне әсер ете бастағанан бастап
бұл туралы әр ғасырдың мүштәһид ғұламалары өз пікірін
білдірген. Ендеше осылардың көзқарастарын үшке бөліп
қарауға болады.
Бірінші: Алғашқы кездері темекінің қаншалықты
адам ағзасына зиянды екеніне қатысты тәжірибесі аз
болған кейбір мүштәһидтер темекі туралы дінде нақты
ашық үкім болмағанын алға тартып, мүбаһ екендігін біл-
дірген.
Екінші: Кейбір ғалымдар болса, темекі шегудің
жақсы еместігін алға тартқанмен, айқын дәлел болмаған
соң мәкрүһ деп үкім білдірген. Ислам әлемінде кейінгі
жылдарға дейін осы мәкрүһ үкімі кең тарап келді.
Үшінші: Бұл топтағы ғалымдар темекінің денсаулыққа
зияндығын алға тартып және экономикалық тұрғыдан
ысырап екендігін сонымен қатар нәпақа жауапкершілігіне
кері әсерін тигізетінін айтып, харам деп, пәтуа берген.
Қазіргі таңда осының бәрін есепке алып және
бүгінгі таңдағы темекенің қаншалықты зияндығының
анықталғанын да алға тартып былай деуге болады.
Алдымен Хақ Тағаланың ол туралы тыйым салған үкімі
жоқ деп айтуға болмайды. Құран мен сүннетте келтіріл-
ген үкімдер белгілі бір ұстанымдар мен мақсаттарға
бағытталған. Мысалы, Аллаһ Тағала ішімдікті харам ет-
кен. Құранда бұл «хамр» сөзімен берілген. Ендеше сіз
Құранда сыра, коньяк деген сөз жоқ ендеше ол мүбаһ дей
алмайсыз. Мас қылатын барлық спирт түрлері сол «хамр»
тобына жатады. Олай болса темекіні де Құрандағы негіз-
гі қағидаларға жатқызуға әбден болады. Атап айтқанда,
Құранда: «Оларға пайдалы пәк нәрселерді халал етіп, зиянды нахош нәрселерді харам етеді», – деген60 аят бар. Ендеше денсаулыққа
қатерлі барлық нәрсе – харам. Темекі бастан-аяқ зиянға
толы. Оның ешбір нәрсесі адамға да, қоғамға да пайдалы
емес. Ғалымдар темекенің зияндылылығын үшке топқа
бөлген.
Бірінші: Зияндылық: Темекіні бүгінгі таңда ешкім
«зиянсыз», қайта «пайдалы» деп айта алмайды. Тіпті
оның қорабының сыртында адам ағзасына аса зиянды
екенін жазып қояды. Бүгінде ғалымдар жалпы зерттеудің
нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем,
тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда бола-
тынын дәлелдеген. Сондай-ақ дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйыымының (ДДСҰ) мәліметіне сүйенсек, Жер
шарындағы 1,8 миллиард 10-24 жас аралығындағы
жеткеншектер темекінің түтінімен уланған. Дүниежүзі
ғалымдарының зерттеуінше, өкпе рагы ауруларының 90
пайызы темекі тартатындардың үлесіне тиеді екен. Әлемде
әр 13 секунд сайын бір адам, әр 65 секунтда бес адам
темекі кесірінен көз жұмады. Жылына үш миллион адам
темекіден пайда болған кеселдердің нәтижесінде қайтыс
болатын көрінеді61.
Өкпе рагы сырқатының 90 пайызы осыдан пайда бо-
латын болса және онымен қоймай жылына жер бетінде-
гі Аллаһ Тағаланың ардақты етіп жаратқан пендесінің
үш миллионын жалмайтын болса, мұндай тажалдың
зияндылығын, жай зиян емес, «Дәжжәлдің қылышы» деп
әбден атауға болмай ма?! Ендеше темекіні сіз қалайша
«мүбаһ», яки «мәкрүһ» деп айта аласыз? Егер бұған
мәкрүһ деп баға беретін болсаңыз басқаға не деп пәтуа
айта аласыз? Әрі темекі шеккен адам өзіне ғана емес
жанындағыларға да зиянын тигізеді. Әрі көпшілік орта-
сында бір адам шылым шеккенде оның иісі зиян берсе,
барлық адамға кісі ақысы өтеді. Әрі өзі шеккенмен қоймай
өзгеге, әсіресе, жас ұрпаққа үйретіп жарнамалағаны үшін
өзімен қоймай солардың бәрініңде күнәсін арқалайды.
Соның кесірінен кейінгі ұрпақ жаппай темекі шегіп
миллиондаған адам өліп, қоғам құлдырайды. Құранда
кімде-кім бір адамды жазықсыз өлтірсе, жер бетіндегі
барлық адамды өлтіргенмен бірдей деген қағида бар.
Ендеше, бір емес өзінің миллиондаған ұрпағының өліміне
себеп болғандар ақыретте сөзсіз есепке тартылып, Хақ
Тағаланың құзырында жауап беріп, солардың күнәсін жүз
еселеп өздеріне артады.
Әрі ақыр соңында темекенің кесірінен сырқаттанып
өлген адам өз-өзіне қол жұмсап өлгенмен тең. Құранда:
وَلَا تُلْقُوا بِأَيْدِيكُمْ إِلَى التَّهْلُكَةِ
«Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермең-
дер»62,
وَلَا تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ
«Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер», –63 деп айтылған.
Кейбір улар бар, адамға бірден әсер етеді. Ал кейбір улар
болса, адамға көп уақыттан соң әсерін тигізеді. Ал енді
кім никотинді «у емес» деп айтуға дәті барады.
Сондықтан да Мысырдағы «әл-Әзһар» университетінің
жанындағы «Пәтуә комитеті» 1979 жылында «темекі ха-
рам» деген үкім шығарған.
Екінші: Ысырап: Құранда Аллаһ Тағала:
وَكُلُوا وَاشْرَبُوا وَلَا تُسْرِفُوا إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ
«Жеңдер, ішіңдер. Бірақ ысырап етпеңдер»,64
– деп бұйырған. Аллаһ елшісі де үнемі үмбетін
ысырапшылдықтан сақтандырған. Ендеше темекіге келсек
ысырапшылдықтың негізін қалауға арқау болушылардың
бірі.
Үшінші: Нәпақа жауапкершілігі: Отбасының асы-
раушысы Исламда ер кісі. Ол өзінің әйелі мен бала-
шағасының нәпақасын тауып беруге міндетті. Осындай
адам бала-шағасының нәпақасынан жырып, өз нәпсісінің
бас пайдасына пайдалануы дінде адамгершілік және мінез-
құлық тұрғысынан әдепсіздік жағдай болып табылады.
Сөз соңында, осы үш мәселеге терең көз салсақ,
темекінің үкімі қандай екені өзінен-өзі біленеді деген
ойдамыз.
- Аға одан бүгіннен бастап насыбай мен қорқорға өтемін. Айтпақшы насыбай мен қорқор туралы не дер едіңіз?
- Ол туралы білгің келсе ертең кел.