Пайғамбарымыз аләйһис-салату уәс-сәләмнің бір күні. Су ішу әдептілігі

Пайғамбарымыз аләйһис-салату уәс-сәләмнің бір күні. Су ішу әдептілігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Суды түйе сияқты бір демде ішпеңдер. Екі-үш рет деммен бөліп-бөліп ішіңдер. Су ішкен кезде «Бисмиллаһ» деп айтыңдар. Ішіп болған соң Аллаһ Тағалаға шүкіршілік айтыңдар» (Тирмизи).

«Су ішкенде суы бар ыдысқа үрлемеңдер» (Бухари).

Абдуллаһ ибн Омар жеткізеді: «Аллаһ елшісі (с.а.у.) қой секілді жатып еріндерімізбен су ішуге тиым салды. Сондай-ақ бір алақанмен алақандап су ішуге де тиым салды. Ол: «Біреу ит сияқты суды еріндерімен ішуші болмасын! Аллаһтың қаһарына ұшыраған ел сияқты бір қолымен де ішпесін. Суды шайқамай түнде ішпесін. Ал егер аузы жабық болса шайқамай іше берсін» (Ибн Мәжә).

Абдуллаһ ибн Аббас жеткізеді: «Аллаһ елшісінің (с.а.у.) шыны кесесі бар еді. Суды сол ыдыспен ішетін» (Ибн Мәжә).

«Кімде-кім күміс ыдыстан су ішетін болса қарнына тозақ отын толтырғандай болады» (Ибн Мәжә).

«Жамағатқа су таратқан ең соңы болып ішер» (Әбу Даууд).

Әбу Һурайра: «Аллаһ елшісі (с.а.у.) су ыдыстың аузынан кесеге құймай ішуге тиым салды» (Бухари).

«Сүт ішкен кезде ауыздарыңды сумен шайқаңдар. Өйткені ол майлы» (Ибн Мәжә).

Оянған кезде үш рет қол жуылу

«Ұйқыдан тұрған кезде үш рет қолын жумайынша қолдарын ыдысқа салмасын. Өйткені ол түнде қолын қайда салғанын білмейді» (Бухари).

Оянғанда үш рет сіңбіру
«Ұйқыдан тұрғандарыңда үш рет сіңбіріңдер. Өйткені шайтан мұрынның ішіне түнейді» (Бухари).
Бұл дүние сынақ әлемі болғандықтан әр бір пенде дүниеге келісімен артына бір шайтан қойылады. Сол шайтан өмір бақи көз жұмғанша сол адамды азғырып жолдан тайдырумен өтеді. Һәм сол шайтан күндегісін күнде яки жиі-жиі Ібіліске әзәзілдігі туралы есеп беріп отырады. Ендеше мына хадиске көз салсақ сол шайтан пенде ұйықтаған кезде де қасынан кетпей оның мұрнына түнеп шықпақ.
Бірде Пайғмбарымыз «Әр бір адамға қойылған шайтан бар» деген сахабалар «сізде де ме?» деп сұрайды. Хақ пайғамбар «Менде де бар. Бірақ менікі «тәслім» болған дейді. Бұл сөз екі мағынаға келеді. Бір азғыруын қойып Пайғамбарға беріліп, тәслім болуы. Екіншісі тәслім – мұсылман болу дегенге де саяды. Ендеше ол шайтан мұсылман болған(түсініктеме).

Әжетхана әдебі

Туалетке кірерде
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الخبث و الخبائث *
«Аллаһуммә иннии әузу бикә минал-хубс уәл-хәбәис».

«Аллаһым! Ластық пен шайтандардан Саған сыйынамын» (Бухари).
Әжетхана лас жер және әурет жері ашылатын орын әрі шайтандардың көп жүретін жері болғандықтан пенде сол жерде шайтанның құрығына оңай түсуі мүмкін. Сол себепті осы дұғаны айтқанда шайтандар жолай алмайды. Аталмыш дұғаны дәл есіктен кіріп бара жатқанда емес сол жаққа қадам басқаннан бастап айта беруге болады. Әрі адам әжетханада отырғанда Құран, зікір, салауат т.б айтуға болмайды (түсініктеме).

Туалеттен шығарда
غفرانك
«Ғуфранака»
Аллаһым! Мені кешір (Әбу Даууд).

Бас киімі болу
«Аллаһ елшісі (с.а.у.) әжетханаға кірерде басын жабатын» (Рамуз әл-ахадис).
Ата-әжелеріміздің әжетханаға баскиімсіз кірмейтіндіктерін осы сүннеттен туындаған (түсініктеме).

«Кімде-кім әжетханаға барғысы келсе намазға қамат түсіріліп қойса да алдымен әжетханаға барсын» (Рамуз әл-ахадис).

Әжетханада сөйлесуге, сәлемдесуге болмайды

Абдуллаһ ибн Омар: «Аллаһ елшісі әжетханада отырған біреу оған сырттан сәлем берді. Бірақ Аллаһ елшісі оның сәлемін алмады. (Муслим).
Одан кейін әжетханада шығып әлгі адамға әжетханада Аллаһтың атын айтуды дұрыс санамадым деп жағдайды айтты».

Дәрет сындыруға болмайтын үш жер

«Қарғыс ататын үш жерге дәрет сындырудан сақтаныңдар. Олар мыналар: Су, көше және көлеңкелер» (Әбу Даууд).

Жәндіктердің індеріне дәрет сындыруға болмайды
«Аллаһ елшісі (с.а.у.) жер бетіндегі жәндік індеріне дәрет сындыруға тиым салды» (Әбу Даууд).

Тұнық суға дәрет сындыруға болмайды
«Ешбір адам тұнық суға дәрет сындырушы болмасын. Одан кейін оған жуынады (Бухари).

Мұхитдин Исаұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: