Бас имам кезекті имани кездесулер өткізді

Бас имам кезекті имани кездесулер өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы мекеме ұжымдарымен кезекті имани кездесулерін өткізді. Өзекті тақырыптарды көтерген шаралар аудандық өрт сөндіру бөлімі мен әділет басқармасында жүргізілді. Кездесу азаматтардың діни сауатын ашу, ислам дінінің аса жоғарғы құндылықтарын насихаттау, діни секталардан сақтау, діни бірлікті орнықтыруға бағытталған.

"Біз бүгінде көп ұлтты, зайырлы мемлекетпіз. Соңғы кезде ислам дінін әлсіретуге мүдделі топтар мұсылмандарды топ-топқа бөліп, оларды бір-біріне қарсы қоюда, біздің міндетіміз мұсылмандар арасындағы бірлікті сақтау, олардың жік-жікке бөлінуіне жол бермеу," - деген бас имам Д.Жандосұлы Қасиетті Құран мен Алла елшісі  айтқан өсиеттерді шолып өтті.

Кездесу барысында түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылып, сұрақтарға жауап қайтарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

 


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: