Ауданда жаңа мешіттің іргесі қаланды

Ауданда жаңа мешіттің іргесі қаланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданына қарасты Қазақ ауылында орналасқан ескі ғимараттың бірі – «Зиядин» мешітінің тозығы жетіп, сонымен қоса, сыйымдылығының тар болуына байланысты жаңа мешіттің қазығы қағылды.

Жуырда көптен күткен Алла үйі құрылысының іргесі құйылды. Аудандық  «Сұлтан» орталық мешітінің Бас имамы Сұлтаншәріп қажы бастаған Қазақ ауылының жамағаты осындай қуанышты күнді атаусыз қалдырмады. Қай істі де Алланың атын атамай қолға алмайтын салтымыз бойынша, құрбандыққа мал шалып, өкіл имам оқыған Құраннан кейін Алла тағаладан дұға тіледі.

Мешіт салу сынды қайырлы іс басында тұрған кәсіпкерлерге Бас имам Сұлтаншәріп қажы қуаныштан толқып: «Осындай ашық аспан астында, ел аман, жұрт тынышта Алла Тағаланың аманаты, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болған дін – Исламды еркін насихаттап, мешіт көтеруді нәсіп еткен Алла Тағалаға сансыз шүкір айтамыз. Лайым амандық болып, Ислам діні қанатын жая бергей!», – деді.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: