Қыздар-әйелдер секторы жамағатқа шеберлік сағатын өткізді.

Қыздар-әйелдер секторы жамағатқа шеберлік сағатын өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінде Қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен «Үлкеннен ұлағат» атты тәрбиелік кеш өтті. Әйелдер жамағаты бас қосқан іс-шарада ақ жаулықты әжелеріміз бен ісмер аналарымыз жастарға тігін тігуден шеберлік сағатын өткізді.

«Қазақ халқы қашанда қыздарын ибалылыққа тәрбиелеп, он саусағынан бал тамған аналар бар білгенін жастарға үйретіп отырған. Ертерекке көз жүгіртсек, қыздарымыз ас пісіріп, үй тазалығымен айналысудан бөлек, киім-кешек, көрпе-төсек тігіп, құрақ құрай білген. Қолдан түрлі қол өнер бұйымдарын жасап, үйіне сән қосқан. Міне, осы бір дәстүрді ұстана отырып, әрі қыздарымызға сабақ боларлық, әрі білім алып отырған ордамызға сән болып, келген жамағатқа пайда беретін кеш өткізуді қолға алдық,» – дейді ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар-әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова.

Нәзік жандылар бірлесе үстелге төсейтін көрпешелердің жиегін түрліше, әрі тиімді етіп тігуді үйренді. Өмірлік тәжірибесі мол үлкендер тіпті кілем жиектерін тігудің үлгісін де көрсетті.

Шара соңы көркем уағызға ұласып, мешіт ұстаздары «Мұхаррам айының ерекшелігі», «Ашура күнінің тарихы мен сыры» туралы насихат айтты. Уағызды ұйып тыңдаған әйелдер қауымы сауалдарын қойып, ашура оразасы, осы айдағы мұстахап амалдар туралы жуаптарын ала алды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: