Болашақ дәрігерлер "экстремизм" жайлы сауалдарына жауап алды.

Болашақ дәрігерлер "экстремизм" жайлы сауалдарына жауап алды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жамбыл медициналық колледжінде дін мәселесін көтерген салихалы бас қосу өтті.

«Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары» тақырыбының төңірегінде түрлі ой өрбіткен кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, магистр Ержан Аманбаев арнайы шақыртумен қатысып қайтты.

Дінтанушы экстремизм, ағым, салт-дәстүр сынды терминдерге тоқталып, елді елең еткізбей қоймайтын діни жайттарды тілге тиек етті.

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы Бағлан Қырғызбай бүгінгі таңдағы жастар арасындағы өзекті мәселелерді сөз етіп, олардың алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндіріп өтті.

Студенттер көкейкесті салаударына мардымды жауап, өздеріне керек мәлімет алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: