Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сай атқарылатын іс-шаралардың негізгі бағыттарының бірі – қамкөңіл жандарға қайырымдылық жасау, көмек көрсету.
Осыған орай, Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажыДжадраев мүгедектермен тағылымды кездесулер өткізіп тұрады. Соның бірі – жуырда аудандық мәдениет үйінде өткен кеш. Кездесуде сөз алған бас имам: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:«Мейірім көрсетпегенге мейірім көрсетілмейді», - деген. Сондықтан, Алла елшісінің әрбір өсиеті мен өмірі мұсылмандарға үлгі.
Шарада көрермендер
мүмкіндігі шектеулі жандар жылулықты қажет ететінін түсініп, жүздерінен күлкі мен
қуаныш отын, көтеріңкі көңіл-күйлерін көрді. Мүмкіндігі шектеулі жандар
бір-бірімізге мейірімділік танытып, құрмет көрсетуге үндеп, бұл өмірде барлығы
уақытша екендігін ұмыттырмайтынын түсінді.
Кездесу соңында мүгедектерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ