Шайпау әйелдерге шариғи көзқарасы.

Шайпау әйелдерге шариғи көзқарасы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим
Жалпы алғанда шайпау әйелдерге қатысты шариғатта нақты бір жаза түрінде үкім қойылмаған. Дегенмен, амал іс-әрекетке байланысты тұжырымдары бар. Адамзатқа үлгі өнеге бола білген ардақты Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) әрдайым адамдармен көркем мәміледе болуды, сөйлеу сөздеріне абай болуды деген сияқты этикалық нормаларды баяндап кеткен. Осы тұрғыдан адамның қимылы, сөздері әрдайым Алла Тағаланың назарында екендігін де естен шығармаған жөн. Мәселен, ғайбаттың түп төркініне бармай-ақ жай сөйлеудің өзіне қатысты Құранда былай делінеді: «Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды алдында аңдушы дайын»

(«Қаф» сүресі, 18 аят).

 

Демек, тілге ие болу әрдайым салмақты болуды, ойлануды, бұл дүниеде және ақыретте есеп берудің қинышылығынан аман сақтап қалуды өз ішіне қамтиды. Келесісі тілді сақтау қажет болғандардың бірі - ғайбат, өсек айту. Ғайбат - ауыр күнәлардың бірі. Ғайбат - бір кісінің өзі жоқта сыртынан айыбын айту. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларына: «Сіздер, ғайбаттың не екендігін білесіздер ме?- деп сұрады. Сахабалар: «Аллаһ және оның елшісі біледі»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер бауырларыңыз естігенде ренжитін сипатын айтсаңыздар, сол - ғайбат»,- деді. Сахабалар: «Ей, Расулуллаһ, біз айтқан сипат бауырымызда болмаса ше?»- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Айтқан сипаттарыңыз бауырларыңызда болса, ғайбат еткен боласыздар. Егерде ол сипат бол-маса, оған жала жапқан  бола-сыздар», - деді. Аллаһ тағала Құран Кәрімде ғайбаттың жамандығын келтіреді және де ғайбат етушіні өліктің етін жеген адамға теңестірген.


Аллаһ тағала Құранда «Хужрат» сүресінің 12-аятында: «Біреуді біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине, оны жек көресіңдер»,- деген. Сафуан ибн Салим деген кісі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларына: «Сіздерге ғибадаттың ең жеңілі және де денеге оңайрағы не екендігін айтайын ба? Ол - тілге ие болып сөйлемей тыныш тұру және әдемі мінез-құлықты болу»,- деп бізге осы болған жайтты жеткізеді.


Әбу Һурайраның риуаятында: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Аллаһқа және ахирет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе тіліне ие болып, тыныш тұрсын»,- деген. Немесе, «Сөйлеген сөзінен пайда тапқан немесе сөйлемей тыныш тұрып аман қалған пенделерді Аллаһ тағала өз рахымына бөлейді».

 

Ал, нақты әйелдердің мінезділігіне қатысты Пайғамбарымыз Миғраж оқиғасының барысында Жәбірейіл (ғ.с.) періштемен тозақ дәрежелерін аралап жүрген уақытта жаһаннамдағы (тозақтағы) азапқа салынушылардың көбісі - әйелдер екендігін көріп, Жәйбірейілден (а.с.) сұрайды: Уа! Жәбірейіл! Бұл әйелдердің тозаққа кірулерінің себебі не?» не деп сұрағанда, Жәбірейіл (ғ.с.) былай деп:

 

«Бұлар - күйеулерінің жасаған жақсылығын жоққа шығарушылар» - деп жауап айтады. Байқағанымыздай бұл жерде еркектерінің жақсылықтарын жоққа шығарып, жалпы шайпаулығынан  тапқандығынан көреміз. Атамыз қазақ айтқандай: «Аңдымай сөйлеген, ауырмай өледі» дегендей әрбір сөз бен істің парқына бармаудың нәтижесі осы күйге душар қылар.


Түйетініміз, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үнемі ардақтап өткен асыл аналарымыз, жалпы әйелдер қауымы осы мәселелерге қатысты көптеп көңіл бөлулері тиіс.

 

Руслан Абдуллаев,

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: