Ұйқы әдебі. Мисуақ қолданып, дәретті халде ұйықтау керек.

Ұйқы әдебі. Мисуақ қолданып, дәретті халде ұйықтау керек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Не себептен дәретпен ұйықтау керек? Себебі дәретті халде Аллаһты зікір қылып ұйықтаған адамның ұйқысы намаз оқыған болып есептеледі. Егер ұйқысында қимылдап және Аллаһты зікір етсе бір періште ол пенде үшін Аллаһқа истиғфар айтады. «Кім дәрет алып пәк халде ұйқыға кетсе, ол адамның төсегінде бір періште таңға дейін қорғайды. Түнде қайсы сағатта оянса, періште Раббымызға былай жалбарынады: «Ей Раббым, осы пендеңнің күнәсін кешір, себебі ол пәк халде жатты». (Ибн Мубарак) «Дәретпен ұйықтаған адамның рухы Аллаһ тағаланың Аршына таман көтеріледі». (Табараний). «Дәретті халде ұйықтаған пенденің рухы Аршқа таман көтерілетіндігі себепті көрген түсі тура болады. Дәретсіз жатқан пенденің рухы Аршыға шыға алмайды. Ол көрген түс Адғас-ул Ахлам деп аталған жалған шығатын болар-болмас түс». Ұйқыда қорыққан адам Пайғамбарымыздан (с.а.у.) риуаят етілген бір хадиске қарап осы дұғаны оқу керек, сосын Расулуллаһ (с.а.у.): «Ұйқыда қорыққан адам мына дұғаны оқысын. Сосын оны оқыған адамға Аллаһтың рұқсатымен ешқандай зиян жетпейді», деп мархамат еткен. (Абу Дауд): اَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللهِ التَّامَّتِ مِنْ غَضَبِهِ وَ عِقَابِهِ وَمِنْ شَرِّ عِبَادِهِ وَمِنْ هَمَزَاتِ اشَّيَاطِينِ وَ اَنْ يَحْضُرُونِ. «Аллаһтың азабынан, адамдардың жамандығынан, шайтандардың уәсуәсә және алдауларынан және жаныма келулерінен Аллаһтың мүбәрәк кәлимәларымен пана тілеймін». 2) Пайғамбарымыз (с.а.у.) әр түні бірнеше мәрте мисуақ қолданғаны сияқты түнде таһажжуд намазын оқу мақсатында оянып мисуақ қолданатын еді. Хузайфа: «Расулуллаһ (с.а.у.) түнгі намазға тұрағанында ауыздарын мисуақпен тазалайтын еді», деген. Амалдар ниетке байланыстысынан келіп шығып ұйықтаудан әуелі жақсы ниет қылып ұйықтау керек, мысалы, түнде тұрсам таһажжуд намазын оқимын яки Құран Кәрімді оқимын, немесе Пайғамбарымызға (с.а.у.)-ға салауат айтамын. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.)-нің төмендегі хадистері бар: «Түнде тұрып намаз оқу ниетімен жатқан пенденің ұйқысы күштілік қылып таңға дейін оянбаса да ниетіне қарай осы амалын қылған есептеледі, ұйқысы да Аллаһтан ол адам үшін берілген бір садақа болады». (Насаий, Ибн Мажа Абу Дардадан) 3) Ұйқыдан қайта ояну-оянбауымызды білмейтініміз себепті өсиет қылуды қалағандар ұйықтаудан алдын өсиеттерін жазыб жастық астына қалдырулары керек. Өсиет қалдырмай өлген мұсылман барзах әлемінен Қиямет күніне дейін сөйлеу құқығынан мақұрым болады. Өлім кенеттен келетінін білгеніміз үшін өсиет қалдыру – мұстахап. 4) Күнәларымыз үшін тәубе қылған, дін пірадарларымызға деген құрметімізді жаңғыртып, ешкімге зұлым қылмау ниетінде ұйықтау керек. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Адамдарға зұлым етпеу, жамандық қылмау ниетінде ұйқыға кететін адамның әуелгі күнәлары мағфират етіледі». (Ибн Абу Дуне Анас (р.а.)-тан) 5) Дұға оқып қыблаға қарап ұйықтау керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.)-нан риуаят қылынған хадистерде әуелі төмендегі амалдары қылу адамға өте көп пайда келтіреді. «Бақара» сүресінің 163-164 аяттарын оқып ұйқыға кеткен адамның алатын сауабы хақында былай делінген: «Осы аяттарды ұйықтаудан алдын оқыған адамды Аллаһ тағала мухафаза қылады әрі ол адам Құранды ешқашан ұмытпайтын болады». (Бұхари және Муслим Айша анамыз (р.а.)-дан): وَإلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ،لآ إِلَهَ إِلاَّهُوَارَّحْمَانُ ارَّحِيمُ. اِنَّ فِي خَلْقِ اسَّمَاوَاتِ وَاْلأَرْضِ وَاخْتِلَفِ الَّيْلِ وَانَّهَارِ وَالْفُلْكِ الَّتِي تَجْرِى فِي الْبَحْرِ بِمَا يَنْفَعُ انَّاسَ وَمَا أَنْزَلَ اللهُ مِنَ اسَّمآءِمِنْ مَاءٍِِِِِِفَأَحْيَابِهِ اْلأَرْضَ بَعْدَ مَوْْتِهَا وَبَثَّ فِيهَا مِنْ كُلِّ دَآبَّةٍ وَ تَصْرِيفِ ارِّيَاحِ وَاسَّحَابِ الْمُسَخَّرِ بَيْنَ اسَّمآءِ وَاْلأَرْضِ َْلأَايَتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ. Расулуллаһ (с.а.у.) ұйықтаудан алдын «Аятуль-Күрси» және «Әмәнәр Расулу»-ді оқығаны, үмметтеріне сол жайлы өсиет еткендері жайлы риуаяттар бар. (Бухарий) «Ұйықтаудан алдын «Аятуль-Күрси»-ді оқыған адамға Аллаһ тарапынан қорғаушы періште жіберіп, таңға дейін шайтан жақындай алмайды». «Кім «Әмәнәр Расулу»-ді ұйқыға кетуден алдын оқыса, таңға дейін ғибадатпен шұғылданған болады». «Ұйқыға кетуден алдын бұл аяттарды оқыған адамға бұл аяттар кифая». Ағраф сүресінің 54-56 аяттары және «Исра» сүресінің 110-111 аяттарын ұйықтаудан әуелі оқыған адамның денесі және киімінің арасына бір періште кіріп, ол адамды қорғайды және Аллаһтан ол үшін мағфират тілейді. Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыз (с.а.у.) ұйықтаудан алдын «Исра» және «Зумар» сүрелерін оқығандарын айтады. (Термизий) Пайғамбарымыз (с.а.у.)-нан риуаят қылынған хадисте: «Түнде «Ясинді» оқыған адам ертесіне барша күнәлары кешірілген халде оянады», – делінген. Түнде оянып тахажжуд намазын оқып дүние және ондағы барша жақсылықтарды қолға кіргізуді тілесеңіз, ұйықтаудан әуелі «Каһф» сүресінің басынан және аяғынан 10 аят оқыңыз. Жабир ибн Абдуллаһ (р.а.)-тан риуаят қылынған хадисте: «Набий (с.а.у.) «Сәжде» және «Мүлк» сүрелерін оқымай ұйықтамайтын еді», делінген. (Термизий) Мүлк сүресін әр түні ұйқыға кетерден алдын оқудың хикметтерін төмендегі хадистерден біліп алу мүмкін: «Әр түні «Мүлк» сүресін оқыған адамнан Аллаһ тағала қабір азабын жоқ қылады». «Құранда отыз аятты бір сүре бар. Кім оны ұйықтаудан алдын оқыса, ол адам үшін отыз сауап жазылады. Отыз күнәсі кешіріледі. Дәрежесі отыз мәрте көтеріледі. Аллаһ бір періште жібереді және бұл періште ол адамның үстіне қанатын жазып оны оянғанға дейін барша пәлекеттерден таңға дейін мухафаза етеді». Айша анамыз (р.а.)-дан риуаят қылынған бір хадисте: «Расулуллаһ (с.а.у.) жатағына кірген уақыт «Ыхлас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін үш мәртеден оқып, қолдарына сүфілеп және қолдарын денесінің жеткен жерлеріне дейін сүріп бұны үш мәртебе қайталайтынын білдірілген». Ұйықтаудан алдын осы дұғалар және қылынатын амалдар жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.)-нің төмендегі хадистері бар: «Осы истиғфарды жатағына кірген уақыт үч мәрте оқыған адамның күнәсі теңіздің көбігіндей болса да, Аллаһ кешіреді»: اَسْتَغْفِرُاللهَ الْعَظِيمَ الَّذِي لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومَ وَ اَتُوبُ إِلَيْهِ. «Хаий және Қаййум болу, өзінен басқа тәңір болмаған Аллаһтан күнәларымның кешірілуін сұраймын. Барша қате және кемшіліктерім үшін тәубе қыламын». Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.у.) ұйықтаудан алдын мына дұғаны оқитын еді: Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы дұға жайында былай дейді: «Бір адам осы дұғаны оқып, осы түнде өлсе мұсылман халінде жан береді. Егер сау қалып таңға жетсе, жақсылыққа қауышады». (Бұхари, Муслим, Термизий, Абу Дауд) Аллаһ Тағала Пайғамбарымыз (с.а.у.)-нің әуелгі және соңғы барша күнәларын кешіргеніне қарамай, түнде оянып намаз оқығандарынан аяқтары ісіп кететін еді. Расулуллаһ (с.а.у.) үмметтеріне әр түндерде намаз оқуды өсиет қылып былай деген: «Екі рәкаттық намаз бар, түннің ортасында оны оқу дүние және ондағы барша нәрселерден жақсырақ. Егер үмметтеріме оны оқу қиын болмағанда еді, әлбетте олар үшін бұл намазды парыз қылар едім». Түннің ақырғы үш қысымы хақында Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген: «Ол сондай бір уақыт, періштелер дайын тұрады және дұғалар (тілектер) қабыл болады». «Түннің жарымында аспан есіктері ашылады жәнеб ір дауыс келеді: «Тілек-тілегені бар ма? Дұғасы қабыл болады. Бір нәрсе сұраған бар ма? Сұрағаны беріледі. Бұл уақытта зина қылған және біреудің ақысын нақақ жейтіндерден тыс барлық мұсылманның дұғасы қабыл болады». Нәби (с.а.у.) айтады: «Түнгі ғибадатты қалдырмаңдар, ол сізден әуелгі салихтарға тән әдет. Түнгі ғибадат Аллаһқа жақындастырушы амал болуымен бірге күнәлардың кәффараты. Ол денедегі кеселдерді жоқ қылушы және күнәдан сақтаушы». (Термизий Біләл (р.а.)-тан. Табараний Абу Умамадан) «Аллаһ үшін ұйықтамастан таң аттырған көз тозақ отын көрмейді». «Түнгі намазды оқыған пенденің күндіз жүзі жарық (нұрлы) болады». «Рамазан оразасынан кейін оразаның ең сауаптысы Мухаррам айының оразасы, парыздардан кейін ең қасиеттірек намаз – таһажжуд намазы». Руслан Абдуллаев,
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: