"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен жүргізілген жазғы қыздар сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Курс барысында мектеп жасындағы оқушылар Құран, Құран әліппесі, ғибадат, сенім, Пайғамбар (с.ғ.с.) тарихы, мінез-құлық сынды пәндерден дәріс алды.
2 айға созылған жаздық курс 2 маусымға бөлінген болатын. 1 маусымды Зейнеп Үсенова бастаған өндірістік іс тәжірибеден өтуші студенттер жүргізсе, 2 маусымды Гүлжан Алдасаева бастаған тәрбиешілер тобы өткерді.
Қыздар діни біліммен қатар ұлттық тәрбиені бойларына сіңдіріп, жаңа дос тауып, қалаға саяхатқа шығып та үлгерді.
Бүгін шәкірттер соңғы қоштасу отырысын жасап, ұстаздардан бата алды. Білімді ұрпақ барда ел келешегі кемел болмақ...
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.