Қажылыққа барасыз ба? Дайындық семинарынан кеш қалмаңыз!

Қажылыққа барасыз ба? Дайындық семинарынан кеш қалмаңыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті, Жамбыл облысының тұрғындары! 

Қасиетті 5 парыздың бірі - қажылық рәсімін атқаратын уақыт та келіп жетті. Бірер күндерден соң Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жамағат күллі мұсылманның сүйікті қалалары Мекке мен Мединеге сапар шекпек.

 Осыған орай, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде 15-17 тамыз аралығында сағат 10.00-де қажылыққа дайындық семинары жүргізіледі. Сіз аталған шарада "Қажылық парызы қалай өтеледі? Қай тұста нені атқарамын? Қайтсек қажылығымыз дұрыс болмақ?" деген сауалдарға жауап ала аласыз.

Қасиетті қажылыққа бару бұйырған әрбір адам өміріндегі ең маңызды сапарды тиісінше орындағысы келетіні сөзсіз. Сондықтан мешіт ұйымдастырып отырған семинардан кеш қалмаңыздар!

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: