"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Қыздар-әйелдер секторы аталған мешіттің ұстазы Гүлжан Алдасаеваның ұйымдастыруымен қыздар арасында "Алланың 99 көркем есім сипаттары" сайысы өтті.
Жарыс шарттарына сай қатысушы Алланың 99 есімін мағынасымен бірге толықтай жаттап, қазылардың сынай сұраған сұрақтарына мүдірмей жауап беруі тиіс болатын.
Жүзден жүйрік шыққан қаракөздердің ішінде Хафиза Ибрагим бас жүлдені қанжығасына байласа, 1 орынды Әдемі Дүйсенбек алды. Ал Нұрай Есенғали 2 орыннан көрінсе, Мөлдір Шынарбековаға 3 орын бұйырды. Дина Канкибаеваға ынталандыру сыйлығы табысталды.
Сонымен қатар сайысқа қатысқан барлық үміткерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.