Қасиетті бес парыздың бірі – қажылық жасайтын уақыт та таяп қалды. Осыған орай, «Һибатулла Тарази» мешітінде қажылыққа дайындық семинары басталды.
Аталған семинар 15-17 тамыз аралығында жүргізілетінін естеріңізге сала кетейік.
Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев облыстық мешітке дәріске жиналған болашақ қажыларға айтулы парыздың маңызын түсіндіріп, ізгі тілектерін айтты.
Семинарды «Рахман-рахим» мешітінің бас имамы Нұрмат қажы Миразизов пен «Айша ана» мешітінің бас имамы Қанат Қуанышбеков жүргізуде. Дін мамандары қажылық рәсімін өткеру, ондағы үлкен-кіші барлық ескерерлік жайттарды бүге-шегесіне дейін түсіндіруде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.