Ризабек Батталұлы Тараз жамағатына насихат айтты

Ризабек Батталұлы Тараз жамағатына насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Белгілі исламтанушы, теолог, РАНТ мүшесі «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті» университетінің аға оқытушысы Ризабек Батталұлы іс-сапармен киелі Тараз шаһарына ат басын бұрып, қаладағы үш мешіттің жамағатымен кездесті.

Жұма күні аср намазынан кейін «Әзірет Әли» мешітінің жамағатына «Шариғи амалдың қабыл болу шарттары" деген тақырыпта уағыз жүргізсе, ақшам намазынан кейін Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітіне келген қонақты қала имамы Қанат Жұмағұл жамағатқа таныстырған соң, Ризабек Батталұлы «Ақида-сенімге салғырт қарамау керек" деген тақырыпта насихат айтып, мұсылман жұртшылығын діни теріс ағымдардан сақтандырды.

Ал, сенбі күні бесін намазынан кейін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне келген РАНТ мүшесі орталық мешіттің жамағатына «Ақыретте Алланың мейіріміне лайық болатын жеті түрлі адам» тақырыбында уағыз айтты.

Ризабек ұстаз аталмыш үш мешіттің де жамағатының көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап берді. Тараз жамағаты ұстазға алғыстарын жеткізді.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: