Шу қаласындағы орталық «Жәми» мешітінде бесін және ақшам намаздарынан кейін Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Шу жамағатына келген қонақ, Ризабек Батталұлын мешіт жамағаттарына таныстырып, ұстазға сөз берді.
ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Нұр-Мүбарак университетінің «Ақида» пәнінің ұстазы Ризабек Батталұлы «Адамгершілік» және «Ақида» тақырыбында уағыз айтты.
Сонымен қатар Шу аудандық әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлермен және ауыл молдаларымен жиын өтті.
Кездесу барысында келген қонақ Ризабек Батталұлы тартымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адасқан ағымдардың алдын алу және сақтанудың жолдарын айтып өтті.
Шу халқы Ризабек Батталұлына өз ризашылықтарын білдірді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі