Қордай ауданының наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинар «Қазақстандағы дін және діни секталардың әсер ету жолдары» атты тақырыпта жүргізілді.
Жиында еліміздегі діни ахуал сөз етіліп, дәстүрімізбен жараса түскен дініміздің негізгі құндылықтарын паш еткен Д.Жандосұлы, әңгімені өрбіте келе асыл дініміздің атын жамылып, өздерінің келеңсіз істерін атқарып жүрген ағымдар жайлы ақпарат берді.
Жалпы айтқанда медицина қызметкерлеріне еліміздегі діни ағымдардың ақ-қарасын ажыратып, ара жігін айқындап беретін кездесу болды. Кездесудің негізгі мақсаты, еліміздегі басты құндылық ұлтаралық және дінаралық татулықты дәріптеу.
Сондай-ақ халықтың діни сауатын арттыру; ел арасында деструктивті, жат ағымдардың таралуының алдын алып, ақпараттандыру; отансүйгіштікті, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі