Дінің тұрсын дін аман

Дінің тұрсын дін аман

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы»  әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың шілде айында  Байзақ ауданына қарасты Қызыл жұлдыз, Көктал ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында балалардың психологиялық және рухани қауіпсіздігінің негіздерін, жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттаудың негізгі түрлері мен әдістерін түсіндіру, қоғамда діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологияның таралуын алдын алу бойынша «Деструктивті діндерге балалардың тартылуын алдын алу», «Ғаламтор және жастар» тақырыбында ата-аналар, ауыл тұрғындары, жұмыссыздар, жастар арасында тақырыптық дәрістер ұйымдастырылды.

Іс-шараға дінтанушы, теолог Аманбаев Ержан Маханұлы арнайы шақырылып, дін саласында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат» атты бүктемелер, Дін істері комитетінің оң мақұлдамасын алған «Вера и религиозная практика» атты кітабы кездесуге қатысушыларға үйлестіріліп берілді.

Кездесуге мектеп мұғалімдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл имамдары және ауыл тұрғындары барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Кездесу барысында Ержан Маханұлы дәстірлі емес діни ағымда жүрген адамдардың сыртқы белгілеріне тоқталып өтіп, жастарымызды осы теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін қажетті ақпаратпен бөлісті. Е.Аманбаев сөз сөңында Ислам діні ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда жастарымыздың теріс ағымның жетегінде кетпес үшін барша қоғам болып көп жұмыс жасау керектігін атап өтті. Сонымен қатар теріс ағымдардың жетегінде жүрген жастардың көбіне жұмыс жасайтын орындарына тоқтала өтіп, жақындарымызды, туыстарымызды олардан аластата ұстау керектігін атап өтті.

Іс-шара соңында бірлестік тарапынан кездесу қатысушыларына салаунама парақшалары таратылып, дін саласына байланысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлері алынды. Алдағы уақытта аталмыш ұсыныс-пікірлер сараланып, мемлекеттік орган басшыларына жолданатын болады.

Тұранинфо

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: