"Мектепке жол" науқаны бүлдіршіндерді қуантты.

"Мектепке жол" науқаны бүлдіршіндерді қуантты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Тараз қалалық мешіттері мен жамағаттарының атсалысуымен Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға өтініш білдіре келген отбасылар түгелдей шақырылды. Алла үйлерінің ұжымдары жағдайы төмен отбасылардан шыққан 47 балаға ішіне мектеп құралдары салынған сөмкемен қоса мектеп формасына қаражат берді. Шараға ата-аналар, ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл акция бұрынғыдан ерекше, айта кетсек, өткен жылдары әрбір мешіт өздері бөлек ұйымдастырса, ал биыл қаланың 27 мешіті және  жамағаттары бірігіп 47 баланы қуантты. Жабырқай келіп, жадырап қайтқан жандар осындай қайырымдылық көмегін көрсетіп, мейірімділік сыйлаған Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлына және қала мешіттерінің имамдарына шексіз ризашылықтарын жеткізді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: