Мешіт жамағатымен көрікті

Мешіт жамағатымен көрікті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мен дәстүрді ардақтаған, салтын сақтай білген жоралғы жұртпыз. Ислам діні-адамзатты имандылыққа, жақсылық жасауға, адамды қадірлеуге үндейтін, адамгершілікті биік қоятын дін. Ал асыл дінімізге деген құрмет отбасынан, мешіт табалдырығынан басталады.

Жақсылыққа жаны құмар асыл азамат Қыдырбай Көбеков әулетінің демеушілігімен Ақшолақ ауылында «Баян ана» мешіті бой көтерді. Имандылық үйінің ашылу салтанатында аудан әкімінің  орынбасары Сағындық Кенжебаев сөз сөйлеп,  мешіттің ел игілігіне қызмет ететіндігін, ғибадат  үйін салдырған мәрт азаматқа және отбасына алғысын білдірді. Облыстық «Һибатулла Тарази»  мешітінің наиб имамы Ержан қажы Аманбаев ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлаған  жомарт азаматтың игілікті ісі көпке үлгі екендігін, Абай, Шәкәрім  сынды ақындарымыз дініміздің құндылықтарын жыр жолдарына қосқандығына тоқталып,  пайдалануға берілген «Баян ана» мешіті-Аллаға құлшылық ететін қасиетті орын ғана емес, өсіп келе жатқан ұрпақты білімге, даналыққа жетелейтін қасиетті орын болсын,-дей келе, облыс имамының атынан Құран Кәрімді 3-сынып оқушысы Көбеков Нұржанға табыстады.

Ақын Күнтуған Ақназаров жырдан шашу шашса, ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Әлім Ақшабаев тұрғындар атынан сауапты іс атқарған азаматқа алғысын жеткізді. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы  Рамиз Азизов құран оқыған соң, мешіттің  алқызыл лентасы қиылып, ақжаулықты аналар шашу шашты.

Салтанатты рәсім соңында өмірден өткен әруақтарға құран бағышталып, ас берілді. 

Г. Әбдіқұлова.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: