Отан баршамызға ортақ қасиетті мекен болғандықтан отанның тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтау әрбіріміздің азаматтық міндетіміз.
Осы орайда аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, діни ахуал жайында ақпараттық насихат жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында дәстүрлі ислам мен теріс ағым жайында кеңінен түсіндіре келе, айырмашылықтарына тоқталды. Әртүрлі ағымдардың шығуы мен қоғамға тигізер зияны жайында кеңінен түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында тәртіп сақшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі