Бауыржан Әлиұлы Тараз жамағатымен жүздесті

Бауыржан Әлиұлы Тараз жамағатымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының тумасы, елімізге танымал исламтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы шілденің 22-ші жұлдызында, Тараз қалалық Кеңесхан қажы мешітінде ақшам намазынан кейін "Алланың дініне берік болғанды Алла сақтайды" деген тақырыбында уағыз айтты.

 «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Бауыржан Әлиұлын мешіт жамағатына таныстырып, келген жамағатқа көкейкесті сұрақтарың болса, қойып ұтымды жауап алуларына болатынын айта кетті. Уағыз тыңдаған жамағат ұстаздардың айтқан өсиеттеріне дән риза болып, жылы тілектерін білдірді.

Дін маманы бесін намазынан кейін «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағатымен жүздесіп, орталық мешітте де уағыз жүргізген болатын.  

 «Кеңесхан қажы» мешіті

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: