Оралдық ұстаз облыстық мешітте қыздарға уағыз жүргізді.

Оралдық ұстаз облыстық мешітте қыздарға уағыз жүргізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен имани жүздесу өтті. 

Аталған кездесуде Тараз шаһарына іс-сапармен келген Батыс Қазақстан облысының Қыздар-әйелдер секторының жетекшісі Гүлжамила Ахметова облыстық мешіттің әйелдер жамағатына үгіт-насихат жүргізді. 

Уағызға жазғы діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер де қатысты. Білікті ұстаз білімның маңызы мен қыз тәрбиесі, ата-ананы сыйлау мәселелеріне тоқталып өтіп, бүлдіршіндердің ілім алуға деген ықыласын арттыратын өнегелі өсиет айтты. 

Жиналған көпшілік өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толыққанды жауап ала алды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: