ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен төрт бағыт бойынша жұмыс күн тәртібінен түспейді. Бұған дәйек, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2038 әскери бөлімі басшылығы мен аудандық «Қордай» мешіті имамдарының бірлесе жасалған жұмыс жоспарларының іске асуы.
Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы ҰҚК ШҚ 2038 әскери бөлімінде басшалық құрамымен кездесу өткізді. Имани кездесуде найб имам ата дініміз ислам жайлы уағыз айтты. Бүгінгі таңда түйткілді болып жатқан экстремизм мен лаңкестік әрекеттер жайлы бірер сөз айтып, жиһад, шаһид сөздерін ашықтап беріп, олардың ақиқи түсініктеріне тоқталып өтті. Ел арасына іріткі салып жатқан теріс ағымдар жайлы сөз болды.
Дәуренбек Жандосұлы көтерген тағы бір ауқымды тақырып өзін-өзіне қол жұмсау жайы болды. Суицид – Алла алдындағы ауыр күнә және қоғам алдындағы кесапат екенін кеңінен түсіндірді. Сарбаздар дін маманына өз көкейкесті сұрақтарын қойып, дәлелді жауаптарын берді. Осындай имани іс-шараларды әрі қарай жүйелі түрде іске асыру жоспарланды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі