Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен рамазан айында қасиетті Құран Кәрім екі рет хатым етілді.
Бірінші Хатымды Рамазан айының басынан бастап, ақ-жаулықты әжелермен бірге мешіттің ұстазы Жайна Бекназарова өткізді. Ал екінші хатымды жас қыздармен Жібек Қолағұлова ұстаз оқыды.
Хатым дұғасына жазғы тәрбие сағатының бүлдіршіндері мен ата-аналары да қатысты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Рамазан айы - менің үмметімнің айы, -деген. Құран Кәрімді Хатым етудің мақсаты – әйелдер, қыздар мен апалардың басын қосып, жамағатпен Алланың берер сауабына ие болу.
Тараз калалық «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі