Қасиетті Рамазан айының аралығында "Һибатулла Тарази" мешіті білім іздеген жамағатқа арнайы сауат ашу курсын ұйымдастырды. Курсқа мешіт жамағаты қатысып, Құран, фиқһ, ақида, ислам тарихы, хадис ілімі пәндері бойынша діни білімдерін тереңдетті.
Білім алушыларға "Һибатулла Тарази" медресесінен жатын орындар бөлініп, жалпы 81 шәкірт бір ай бойы оқу орында қалып білікті ұстаздардың дәрісін тыңдады.
30 күн діни іліммен сусындаған жамағатқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен медресе ұстазы Нұралы Бақытұлы серификаттар табыстады. Дін мамандары марапатталғандарға қоғамның сауатты да сапалы болуы үшін үлес қосып, діни білімдерін шыңдай берулерін тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.